Қазақстан мен Түркия медицинаға жаңа цифрлық шешімдер енгізуді талқылады

Анкарада Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау вице-министрі Ербол Оспанов Түркия Республикасы Денсаулық сақтау министрінің орынбасары Шуаип Биринджимен кездесті.

, Profit.kz
Рубрики: Qazaq IT

Тараптар екіжақты өзара іс-қимылды кеңейту, оның ішінде медицина саласына цифрлық шешімдер мен жасанды интеллект технологияларын енгізу бойынша тәжірибе алмасу мәселелерін талқылады. Түрік әріптестері медициналық көмекті ұйымдастыруды, қаржыландыру қағидаттарын, цифрландыру дәрежесін және негізгі салалық көрсеткіштерді қоса алғанда, ұлттық денсаулық сақтау жүйесінің жұмыс істеуі туралы баяндама жасады. Жеке блок халықаралық медициналық қызметтер мен медициналық туризмді дамытуды үйлестіретін ұлттық құрылым — USHAŞ жұмысына арналды.

E-Nabız ұлттық цифрлық платформасының архитектурасына және Түркияның басқа да медициналық ақпараттық жүйелеріне ерекше назар аударылады. Ұсынылған шешімдер медициналық деректерді біріктіруді, қызмет сапасын арттыруды және пациенттер үшін цифрлық қызметтердің ыңғайлылығын қамтамасыз етеді.

Тараптар Қазақстанда осындай шешімдерді бейімдеу — медициналық деректердің бірыңғай базасын құру, электрондық денсаулық паспорттарын дамыту және пайдаланушы сервистерін жетілдіру мүмкіндігін қарастырды.

Бұдан басқа, Ербол Оспанов пен Шуаип Биринджи кәсіби өзара іс-қимылды нығайту және озық әдістемелермен алмасу үшін Қазақстанда түрік медицинасы күндерін өткізу бастамасын талқылады, сондай-ақ екі елдің клиникалары мен университеттерінің базасында медициналық кадрлардың біліктілігін арттыру және қайта даярлау бағдарламаларының перспективаларын қарастырды.

Кездесу қорытындысы бойынша Тараптар түрік тәжірибесін ескере отырып, әріптестікті одан әрі дамытуға және цифрлық жобаларды бірлесіп іске асыруға дайын екендіктерін растады. Денсаулық сақтауды цифрландыру саласындағы ынтымақтастық туралы бірлескен келісімді әзірлеу және оған қол қою жоспарлануда.

Подписывайтесь на каналы Profit.kz в Facebook и Telegram.

Свежие новости

Статьи

Последние фоторепортажи

  • Profit Education Day 2026

    Profit Education Day 2026

    Фоторепортаж с конференции Profit Education Day 2026, посвященной цифровизации образования в Казахстане.

  • Check Point Advantage Astana 2026

    Check Point Advantage Astana 2026

    Фоторепортаж с конференции по информационной безопасности Check Point Advantage в Казахстане.

  • Profit Industry & Energy Day 2026

    Profit Industry & Energy Day 2026

    Фоторепортаж с конференции Profit Industry & Energy Day 2026, посвященной цифровизации промышленности и энергетики в Казахстане.

  • Profit Contact Day 2026

    Profit Contact Day 2026

    Фоторепортаж с конференции Profit Contact Day 2026, посвященной автоматизации контакт-центров и управлению клиентским оаытом в Казахстане.

  • Profit Retail & Finance Day 2026

    Profit Retail & Finance Day 2026

    Фоторепортаж с конференции Profit Retail & Finance Day 2026, посвященной цифровизации ритейла, ТРЦ, банков и финсектора в Казахстане.