Қазақстан әлемдегі Топ-100 суперкомпьютер қатарына енді

Ұлттық суперкомпьютер «Alem.Cloud» әлемдегі ең қуатты есептеу жүйелерінің халықаралық рейтингі TOP500 тізімінде 86 орынды иеленді.

, Profit.kz
Рубрики: Qazaq IT

Бұл рейтингке тек HPL (High-Performance Linpack) стандарты бойынша тәуелсіз тестілеуден өткен, яғни әлемдік деңгейде мойындалған есептеу өнімділігіне ие кластерлер ғана енгізіледі.

«Alem.Cloud» ұлттық суперкомпьютер кластері Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша Жасанды интеллект және цифрлық даму министрлігіне қарасты «Ұлттық ақпараттық технологиялар» АҚ инфрақұрылымының негізінде құрылған болатын. Суперкомпьютер жасанды интеллект, жоғары өнімді есептеулер және үлкен деректерді талдау бағыттарындағы жобаларды іске асыруға арналған. Кластердің архитектурасы жоғары тығыздықтағы бірыңғай GPU-кешеніне біріктірілген 64 HPE Cray серверінің базасында іске қосылған. Әрбір есептеу торабы жоғары жылдамдықты қамтамасыз ететін NVIDIA H200-бен жабдықталған.

Alem.Cloud суперкомпьютері жобасы Біріккен Араб Әмірліктеріндегі G42 тобына кіретін Presight халықаралық технологиялық компаниясымен бірлесіп жүзеге асырылды. Presight жоғары өнімді есептеу кластерлерін жобалау мен AI экожүйесін дамытуға техникалық қолдау көрсетіп, әлемдік үздік тәжірибелерді Қазақстанның қажеттіліктеріне бейімдеуге мүмкіндік берді.

Жүйе жоғары петафлопс диапазонында өнімділікті қамтамасыз етеді және Қазақстан мен Орталық Азия аймағындағы ең қуатты есептеу платформасы болып саналады. Суперкомпьютер бағдарламалық жасақтамасы SUSE Harvester (виртуализация және таратылған есептеулерге арналған жаңа буын гипервизоры), SUSE Rancher (Kubernetes пен AI-жүктемелерін орталықтан басқару платформасы) технологияларын қамтиды. Кластердің қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін SUSE NeuVector (контейнерлік қауіпсіздік, желілік бақылау және рантайм-қорғау жүйесі), Palo Alto Networks желілік сегментация және киберқауіпсіздік шешімдері, сондай-ақ Thales криптографиялық және аппараттық шифрлау құралдары қолданылады.

Бұған дейін «ҰАТ» АҚ техникалық мамандары халықаралық серіктестермен бірлесіп, HPL (Linpack) әдістемесі бойынша кешенді тестілеу жүргізді. Мақсаты — жүйенің нақты есептеу өнімділігін өлшеу және оның TOP500 рейтингінде тіркеуге дайын екенін растау. Нәтижесінде суперкомпьютер қажетті көрсеткіштерге жетіп, Қазақстанның жаһандық TOP500 рейтингіне ресми түрде өтінім беруіне мүмкіндік берді.

Подписывайтесь на каналы Profit.kz в Facebook и Telegram.

Свежие новости

Статьи

Последние фоторепортажи

  • Profit Education Day 2026

    Profit Education Day 2026

    Фоторепортаж с конференции Profit Education Day 2026, посвященной цифровизации образования в Казахстане.

  • Check Point Advantage Astana 2026

    Check Point Advantage Astana 2026

    Фоторепортаж с конференции по информационной безопасности Check Point Advantage в Казахстане.

  • Profit Industry & Energy Day 2026

    Profit Industry & Energy Day 2026

    Фоторепортаж с конференции Profit Industry & Energy Day 2026, посвященной цифровизации промышленности и энергетики в Казахстане.

  • Profit Contact Day 2026

    Profit Contact Day 2026

    Фоторепортаж с конференции Profit Contact Day 2026, посвященной автоматизации контакт-центров и управлению клиентским оаытом в Казахстане.

  • Profit Retail & Finance Day 2026

    Profit Retail & Finance Day 2026

    Фоторепортаж с конференции Profit Retail & Finance Day 2026, посвященной цифровизации ритейла, ТРЦ, банков и финсектора в Казахстане.