ЭКСЖ ұлттық жобасы аясында сатып алудың электронды платформасы іске қосылды

Премьер-министрдің орынбасары Қанат Бозымбаевтың төрағалығымен «Энергетикалық және коммуналдық секторларды жаңғырту» ұлттық жобасын жүзеге асыру жөніндегі жобалық кеңсенің отырысы өтті.

, Profit.kz
Рубрики: Qazaq IT

Қараша айынан бастап meks.zakup.sk.kz электронды сатып алу платформасы іске қосылды. Бұл жүйеде Ұлттық жобаға қатысушы барлық коммуналдық кәсіпорындар тіркелген. Қазіргі уақытта 26 кәсіпорын шамамен жарты триллион теңге болатын 174 жоба бойынша өтінім берді. 2026 жылға арналған тауарларға деген қажеттілік айқындалып, 680 әлеуетті ЕРС-мердігер мен 172 отандық өндіруші анықталды. Олар Ұлттық жобаны жүзеге асыруға қажетті өнім жеткізуге дайын.

Сондай-ақ отырыста аз қамтылған азаматтарды тұрғын үймен қолдау шаралары қаралды. Биыл 9,6 мың отбасы коммуналдық қызмет шығындарының бір бөлігін өтеу түрінде көмек алған.

Қанат Бозымбаев жауапты мемлекеттік органдарға көмекті тағайындау рәсімін жеңілдетіп, қолданыстағы қолдау шаралары туралы халықты кеңінен ақпараттандыруды тапсырды.

Подписывайтесь на каналы Profit.kz в Facebook и Telegram.

Свежие новости

Статьи

Последние фоторепортажи

  • Profit Education Day 2026

    Profit Education Day 2026

    Фоторепортаж с конференции Profit Education Day 2026, посвященной цифровизации образования в Казахстане.

  • Check Point Advantage Astana 2026

    Check Point Advantage Astana 2026

    Фоторепортаж с конференции по информационной безопасности Check Point Advantage в Казахстане.

  • Profit Industry & Energy Day 2026

    Profit Industry & Energy Day 2026

    Фоторепортаж с конференции Profit Industry & Energy Day 2026, посвященной цифровизации промышленности и энергетики в Казахстане.

  • Profit Contact Day 2026

    Profit Contact Day 2026

    Фоторепортаж с конференции Profit Contact Day 2026, посвященной автоматизации контакт-центров и управлению клиентским оаытом в Казахстане.

  • Profit Retail & Finance Day 2026

    Profit Retail & Finance Day 2026

    Фоторепортаж с конференции Profit Retail & Finance Day 2026, посвященной цифровизации ритейла, ТРЦ, банков и финсектора в Казахстане.