Еңбек министрлігі АӘК-ті проактивті тағайындауда ЖИ қолданады
Жобаның алғашқы кезеңінде ЖИ қабылдаған шешімдер жергілікті атқарушы органдар үшін ұсынымдық сипатта болады.
ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі әлеуметтік-еңбек саласындағы қызметтерді цифрландыру бойынша, оның ішінде ЖИ енгізу бағытында да жүйелі жұмыс жүргізуде, деп хабаралйды ведомствоның баспасөз қызеті.
«Бүгінгі таңда біз жасанды интеллектіні Random Forest Classifier моделінің көмегімен „оқытып“ жатырмыз. Бұл — тағайындау кезінде шешім қабылдауға әсер ететін көптеген факторларды біріктіру арқылы неғұрлым дәл және тұрақты нәтижелер алуға мүмкіндік беретін ең тиімді машиналық оқыту алгоритмдерінің бірі. Осылайша, АӘК алуға құқығы бар адамдар автоматты түрде анықталатын болады. Қазіргі уақытта модель кешенді валидациядан өтті, дәлдік деңгейі 90%-дан асты, бұл оның енгізуге дайын екенін көрсетеді», — деп хабарлады Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау вице-министрі Олжас Анафин.
Алдағы уақытта бұл технология АӘК-ке жаңа өтінімдерді қарау үшін пилоттық режимде іске қосылады. Пилоттық кезең барысында ЖИ моделінің шешімдеріне қатысты статистика жиналады.
Жобаның алғашқы кезеңінде ЖИ қабылдаған шешімдер жергілікті атқарушы органдар үшін ұсынымдық сипатта болады. Кейіннен оларды шешім қабылдаудың бір өлшемшарттарының бірі ретінде пайдалану мүмкіндігі қарастырылады.
Жобаның екінші кезеңі «компьютерлік көру» технологиясын қолдану арқылы модельдің мүмкіндіктерін кеңейтуді көздейді. Бұл кезеңде өтінімдер шеңберінде ұсынылатын фото және бейнематериалдар сияқты визуалды деректерді талдау қарастырылған. Бұл тек мәтіндік ақпаратты ғана емес, сонымен қатар отбасының әл-ауқат деңгейі мен тұрмыс жағдайларын неғұрлым объективті бағалауға мүмкіндік беретін визуалды белгілерді де ескеруге жол ашады. Жаңа деректер модельді қосымша оқыту үшін пайдаланылады, бұл өз кезегінде шешімдердің дәлдігін арттыруға бағытталған.
Жобаның үшінші кезеңі жан-жақты талдау негізінде отбасыларды қиын өмірлік жағдайдан шығаруға бағытталған егжей-тегжейлі жоспарды ұсынуды көздейді. Бұл жоспар өңірлік, аудандық және нақты отбасы деңгейінде әзірленетін болады.
Похожие материалы
Свежие новости
Статьи
Последние фоторепортажи
-
Profit Education Day 2026
Фоторепортаж с конференции Profit Education Day 2026, посвященной цифровизации образования в Казахстане.
-
Check Point Advantage Astana 2026
Фоторепортаж с конференции по информационной безопасности Check Point Advantage в Казахстане.
-
Profit Industry & Energy Day 2026
Фоторепортаж с конференции Profit Industry & Energy Day 2026, посвященной цифровизации промышленности и энергетики в Казахстане.
-
Profit Contact Day 2026
Фоторепортаж с конференции Profit Contact Day 2026, посвященной автоматизации контакт-центров и управлению клиентским оаытом в Казахстане.
-
Profit Retail & Finance Day 2026
Фоторепортаж с конференции Profit Retail & Finance Day 2026, посвященной цифровизации ритейла, ТРЦ, банков и финсектора в Казахстане.