OneWeb негеостационарлық спутниктік жүйесі негізінде қоғамдық Wi-Fi нүктесі ашылды
Жоба бағыттарының бірі — шалғайдағы немесе халқы аз ауылдарды интернетке қосу.
Ақмола облысының Алғабас ауылында OneWeb геостационарлы емес спутниктік байланыс жүйесі (НГСО) арқылы жұмыс істейтін қоғамдық Wi-Fi нүктесі іске қосылды. Бұл бастама Қазақстан Республикасының Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі тарапынан «Қолжетімді интернет» ұлттық жобасы аясында жүзеге асырылып отыр.
Жоба бағыттарының бірі — шалғайдағы немесе халқы аз ауылдарды интернетке қосу. Мұндай елді мекендерге талшықты-оптикалық байланыс желілерін тарту немесе мобильді станциялар орнату тиімсіз. Ал аталмыш технология жоғары жылдамдықты әрі тұрақты интернетті өзге шешімдер мүмкін болмайтын жерлерде де қолжетімді етеді.
Жалпы, НГСО технологиясы арқылы 504 ауылды интернетпен қамту көзделген. Бүгінде 176 елді мекен KazSat спутниктері арқылы қосылды, ал тағы 328 OneWeb жүйесі негізінде қамтылады. Алғабас ауылын интернетке қосу осы бағыттағы алғашқы қадамдардың бірі болды.
«Бұған дейін ауылымызда байланыс мүлдем болмаған. Хабар алу үшін 3 шақырым жердегі таудың басына шығатынбыз. Енді ауылымызда интернет бар. Ағайындарымызға хабарласып үлгердік», — деді Алғабас ауылының тұрғыны Ботагөз Хусаинова.
Енді ауыл тұрғындары онлайн-білім алуға, электрондық мемлекеттік қызметтерді пайдалануға және жақындарымен еркін байланыста болуға мүмкіндік алады.
Похожие материалы
Свежие новости
Статьи
Последние фоторепортажи
-
Profit Education Day 2026
Фоторепортаж с конференции Profit Education Day 2026, посвященной цифровизации образования в Казахстане.
-
Check Point Advantage Astana 2026
Фоторепортаж с конференции по информационной безопасности Check Point Advantage в Казахстане.
-
Profit Industry & Energy Day 2026
Фоторепортаж с конференции Profit Industry & Energy Day 2026, посвященной цифровизации промышленности и энергетики в Казахстане.
-
Profit Contact Day 2026
Фоторепортаж с конференции Profit Contact Day 2026, посвященной автоматизации контакт-центров и управлению клиентским оаытом в Казахстане.
-
Profit Retail & Finance Day 2026
Фоторепортаж с конференции Profit Retail & Finance Day 2026, посвященной цифровизации ритейла, ТРЦ, банков и финсектора в Казахстане.