AFSA инвесторларды онлайн-алаяқтықтан қорғау мақсатында IOSCO I-SCAN жаһандық бастамасына қосылды
Аталған жаһандық платформа онлайн-алаяқтық пен заңсыз қаржылық қызметтерге қарсы іс-қимыл жасауға бағытталған.
«Астана» халықаралық қаржы орталығының Қаржылық қызметтерді реттеу жөніндегі комитеті (AFSA) халықаралық бағалы қағаздар нарығын реттеушілердің IOSCO ұйымы шеңберінде құрылған I-SCAN бастамасының ресми қатысушысы атанды. Аталған жаһандық платформа онлайн-алаяқтық пен заңсыз қаржылық қызметтерге қарсы іс-қимыл жасауға бағытталған. Бұл, әсіресе, қаржы нарықтарының цифрлануы үдерісінің жеделдеуіне байланысты өзекті болып отыр. I-SCAN-ға қосылу арқылы AFSA IOSCO-ның жаһандық хабарландырулар жүйесінде алаяқтық туралы өз ескертулерін жариялау мүмкіндігіне ие болды.
Қазіргі таңда қаржы нарықтарына жеке инвесторлардың қатысуы артып келеді, сонымен қатар мобильді қосымшалар, әлеуметтік желілер мен онлайн-платформалар арқылы инвестициялау кеңінен таралып жатыр. Осы жағдайларда қаржылық қылмыстар тәуекелі де ұлғайып отыр. Алаяқтық схемалар барған сайын күрделеніп, көбіне ақылы жарнама мен пайдаланушылар контенті арқылы жүзеге асырылады. I-SCAN бастамасы — реттеуші органдарға заңсыз инвестициялық ұсыныстар туралы ақпаратты орталықтандырылған түрде жариялап, оны автоматты түрде бұғаттап, инвесторларға қауіп туралы ескертуге мүмкіндік беретін халықаралық платформа. Бұл инвесторларды қорғауды күшейтіп, қаржы нарықтарына сенімді арттырады.
«AFSA-ның I-SCAN бастамасына қосылуы — қаржылық ортадағы қауіпсіздік пен ашықтықты арттыру жолындағы маңызды қадам. Біз халықаралық қауымдастықпен және жергілікті реттеушілермен бірлесіп, инвесторларды алаяқтықтан қорғауды күшейтіп, рұқсат етілмеген схемалар мен заңсыз тәжірибелер туралы хабардарлықты арттыруға үлес қосамыз. Себебі ақпараты бар адам ғана алаяқтықтан қорғана алады. Біздің мақсатымыз — нарық тұрақтылығын қамтамасыз ету және шекарааралық өзара іс-қимыл мен келісілген әрекеттер арқылы қаржы жүйесіне деген сенімді нығайту», — деп атап өтті AFSA Бас директоры Евгения Богданова.
I-SCAN бастамасы инвестициялық өнімдерге қатысты жарнамаларды қатаң бақылауды, реттеуші органдармен тығыз ынтымақтастықты және алаяқтық контентті цифрлық платформалардан белсенді жоюды көздейді.
AFSA Қазақстан Республикасындағы жергілікті онлайн-платформаларға I-SCAN халықаралық бастамасына қатысу мүмкіндігін қарастыруды ұсынады. Платформалар мен реттеуші органдар арасындағы өзара іс-қимыл қитұрқы жағдайларды уақтылы анықтауға және жолын кесуге ықпал етеді. IOSCO ұстанымына сәйкес, онлайн-алаяқтыққа тиімді қарсы іс-қимыл ішкі бақылау тетіктерін жетілдіруді, ұлттық заңнама талаптарын сақтауды және қадағалау органдарымен жедел ақпарат алмасуды талап етеді.
AFSA-ның бұл бастамаға қосылуы цифрлық қаржылық қызметтер саласындағы қадағалау тиімділігін арттыруға және халықаралық стандарттарға сай келетін АХҚО юрисдикциясына деген сенімді нығайтуға мүмкіндік береді.
Похожие материалы
Свежие новости
Статьи
Последние фоторепортажи
-
Profit Education Day 2026
Фоторепортаж с конференции Profit Education Day 2026, посвященной цифровизации образования в Казахстане.
-
Check Point Advantage Astana 2026
Фоторепортаж с конференции по информационной безопасности Check Point Advantage в Казахстане.
-
Profit Industry & Energy Day 2026
Фоторепортаж с конференции Profit Industry & Energy Day 2026, посвященной цифровизации промышленности и энергетики в Казахстане.
-
Profit Contact Day 2026
Фоторепортаж с конференции Profit Contact Day 2026, посвященной автоматизации контакт-центров и управлению клиентским оаытом в Казахстане.
-
Profit Retail & Finance Day 2026
Фоторепортаж с конференции Profit Retail & Finance Day 2026, посвященной цифровизации ритейла, ТРЦ, банков и финсектора в Казахстане.