eGov Mobile қосымшасында әскери оқу орындарына қайта қабылдау қызметі іске қосылды
Қызмет кемінде бір семестр білім алған әскери оқу орындарының бұрынғы курсанттарына арналған.
Енді әскери оқу орнына қайта қабылдануға өтінішті смартфон арқылы беруге болады. eGov Mobile мобильді қосымшасында «Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің әскери оқу орындарына қайта қабылдау» қызметі қолжетімді болды. Бұған дейін бұл қызмет eGov.kz порталында ұсынылатын.
Қызмет кемінде бір семестр білім алған әскери оқу орындарының бұрынғы курсанттарына арналған. Өтініш цифрлық форматта қалыптастырылады, ал қажетті деректердің басым бөлігі мемлекеттік ақпараттық жүйелерден автоматты түрде жүктеледі. Бұл процесті барынша оңай әрі ыңғайлы етеді. Алайда өтінішті оқудан шығарылған сәттен бастап бір жыл ішінде ғана беруге болатынын ескеру қажет.
Қызмет тегін ұсынылады, көрсету мерзімі — 20 жұмыс күні. Өтінішті қарау нәтижесі «Жеке кабинет тарихы» бөлімінде қолжетімді болады. Егер қайта қабылдануға мүмкіндік болмаса, қолданушы дәлелді бас тарту туралы жауап алады. Айта кету керек, «Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің әскери оқу орындарына қайта қабылдану» қызметі eGov.kz порталында да қолжетімді.
Жаңарту ҚР Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер комитеті, «Ұлттық ақпараттық технологиялар» АҚ және ҚР Қорғаныс министрлігінің бірлескен жұмысы нәтижесінде іске қосылды.
Похожие материалы
Свежие новости
Статьи
Последние фоторепортажи
-
Profit Education Day 2026
Фоторепортаж с конференции Profit Education Day 2026, посвященной цифровизации образования в Казахстане.
-
Check Point Advantage Astana 2026
Фоторепортаж с конференции по информационной безопасности Check Point Advantage в Казахстане.
-
Profit Industry & Energy Day 2026
Фоторепортаж с конференции Profit Industry & Energy Day 2026, посвященной цифровизации промышленности и энергетики в Казахстане.
-
Profit Contact Day 2026
Фоторепортаж с конференции Profit Contact Day 2026, посвященной автоматизации контакт-центров и управлению клиентским оаытом в Казахстане.
-
Profit Retail & Finance Day 2026
Фоторепортаж с конференции Profit Retail & Finance Day 2026, посвященной цифровизации ритейла, ТРЦ, банков и финсектора в Казахстане.