Мемлекеттік корпорация өзіне-өзі қызмет көрсету аймақтарын жетілдіруде

Постоматтар арқылы 1,5 мыңнан астам құжат берілді.

, Profit.kz
Рубрики: Qazaq IT

«Азаматтарға арналған үкімет» Мемлекеттік корпорациясы цифрландырудың әлемдік трендтеріне сәйкес келетін заманауи шешімдерді ХҚКО жұмысына енгізуді жалғастыруда. Осындай оңтайлы шешімдердің бірі — постоматтар. Бұл мемлекеттік қызметтерді алу процесін икемді және ыңғайлы ететін, дайын құжаттарды 24/7 режимінде алуға арналған құрылғы.

Осы жылдың басынан бастап қазақстандықтар фронт-офистердің жұмыс кестесіне байланбай, өзіне-өзі қызмет көрсету құрылғылары арқылы 1623 рет құжат алды. Бүгінде постоматтар еліміздің 10 өңірінде, 14 жаңғыртылған Халыққа қызмет көрсету орталықтарындағы «24/7 аймақтарында» орнатылған. Бұл шешім ХҚКО-лардағы дайын құжаттарды беру секторларына түсетін жүктемені едәуір азайтуға және қызмет көрсету процесін жеделдетуге мүмкіндік берді.

Бүгінгі таңда құрылғы сұранысқа ие 19 мемлекеттік қызметтің нәтижесін алуды қамтамасыз етеді. Олардың ішінде: азаматтық хал актілерінің қайталама куәліктері мен мұрағаттық анықтамалары, жылжымайтын мүлікке құқық белгілейтін құжаттардың және барлық деңгейдегі білім туралы құжаттардың телнұсқалары. Сондай-ақ, сервис арқылы апостиль қойылған ресми құжаттарды және міндетті мемлекеттік тіркеуге жатпайтын жылжымалы мүлік кепілін тіркеудің нәтижелері беріледі.

Бұл сервисті пайдалану мүмкіндігі құрылғы орнатылған Мемлекеттік корпорацияның фронт-офисінде мемлекеттік қызмет алуға өтініш беру сәтінде рәсімделеді. Ол үшін қызмет алушы құжатты постомат арқылы алғысы келетіндігі туралы маманға хабарлау қажет. Дайын болған құжат постоматқа салынғаннан кейін қызмет алушыға өтініш нөмірі, постомат мекенжайы, сақтау мерзімі және 6 таңбалы құпия сөзі бар SMS-хабарлама жолданады. Дайын құжатты алу үшін қызмет алушы құрылғыға SMS-хабарламадағы кодты енгізіп, жеке басын биометриялық сәйкестендіруден өткізуі қажет. Осыдан кейін ұяшық автоматты түрде ашылады.

Ескере кететін жайт, дайын құжатты жеке ұяшықтан 3 күн ішінде алу керек. Егер белгіленген мерзімде құжатты ала алмаған жағдайда, мемлекеттік қызметті алу бойынша өтініш рәсімделген ХҚКО-ға қайтарылады.

Подписывайтесь на каналы Profit.kz в Facebook и Telegram.

Свежие новости

Статьи

Последние фоторепортажи

  • Profit Education Day 2026

    Profit Education Day 2026

    Фоторепортаж с конференции Profit Education Day 2026, посвященной цифровизации образования в Казахстане.

  • Check Point Advantage Astana 2026

    Check Point Advantage Astana 2026

    Фоторепортаж с конференции по информационной безопасности Check Point Advantage в Казахстане.

  • Profit Industry & Energy Day 2026

    Profit Industry & Energy Day 2026

    Фоторепортаж с конференции Profit Industry & Energy Day 2026, посвященной цифровизации промышленности и энергетики в Казахстане.

  • Profit Contact Day 2026

    Profit Contact Day 2026

    Фоторепортаж с конференции Profit Contact Day 2026, посвященной автоматизации контакт-центров и управлению клиентским оаытом в Казахстане.

  • Profit Retail & Finance Day 2026

    Profit Retail & Finance Day 2026

    Фоторепортаж с конференции Profit Retail & Finance Day 2026, посвященной цифровизации ритейла, ТРЦ, банков и финсектора в Казахстане.