Мал шаруашылығын цифрлық трансформациялау: премьер-министр өнімнің үздіксіз қадағалануын қамтамасыз етуді тапсырды

Олжас Бектеновтің төрағалығымен өткен Үкімет отырысында мал шаруашылығы саласындағы ветеринариялық бақылау шаралары, сондай-ақ осы саланы цифрландыру үдерістері қаралды.

, Profit.kz
Рубрики: Qazaq IT

Ауыл шаруашылығы министрі Айдарбек Сапаров баяндама жасаса, саланы цифрландыру бойынша жүргізіліп жатқан жұмыстар туралы цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі Жаслан Мәдиев айтып берді.

Премьер-министр өңірлерде сапалы ветеринариялық инфрақұрылым қажет екенін, сонымен бірге аурулардың алдын алу мақсатында уақтылы ветеринариялық вакцинациялау үшін жағдайлар жасалуы тиіс екенін атап өтті. Ашықтықты қамтамасыз ету, мал шаруашылығы өнімдерін бақылау және есепке алу тиімділігін арттыру үшін процестерді цифрландырудың маңыздылығы атап өтілді.

«Ветеринариялық қауіпсіздік өнімді экспорттық нарықтарға шығару үшін негізгі шарт болып табылады. Сонымен қатар сырттан әкелінетін мал өнімдеріне бақылауды күшейту қажет. Саланы цифрландыру мал өнімдерінің өмірлік циклінің барлық кезеңдерінде  ашықтықты қамтамасыз етуге тиіс. Биыл жүргізіліп жатқан Ұлттық ауыл шаруашылығы санағының нәтижелері  цифрлық платформаларға интеграциялануы керек», — деп атап өтті Олжас Бектенов.

Үкімет отырысының қорытындысы бойынша Премьер-министр ауыл шаруашылығы жануарларын, оның ішінде жеке қосалқы шаруашылықтар сегментінде вакцинациялаумен толық қамтуды қамтамасыз етуді тапсырды.

Олжас Бектенов барлық өңірлерде сапалы және қолжетімді ветеринариялық құралдар жеткілікті көлемде болуы тиіс екенін атап өтті. Ол үшін ең алдымен, отандық өндірушілерді ынталандыру маңызды. Ауыл шаруашылығы министрлігіне өңір әкімдіктерімен бірлесіп,  осы жылдың 1-қарашасына дейін ауыл шаруашылығы жануарларының деректер базасына верификациялау міндеті қойылды.

Ауыл шаруашылығы, цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрліктеріне жыл соңына дейін жануарлар мен мал шаруашылығы өнімдерінің қозғалысына байланысты барлық процестерді жүз пайыз цифрландыру тапсырылды. Сондай-ақ үздіксіз қадағалап отыру жүйесін енгізіп,  деректер базаларының барлығын бірыңғай цифрлық платформаға интеграциялау міндеті қойылды.

Подписывайтесь на каналы Profit.kz в Facebook и Telegram.

Свежие новости

Статьи

Последние фоторепортажи

  • Profit Education Day 2026

    Profit Education Day 2026

    Фоторепортаж с конференции Profit Education Day 2026, посвященной цифровизации образования в Казахстане.

  • Check Point Advantage Astana 2026

    Check Point Advantage Astana 2026

    Фоторепортаж с конференции по информационной безопасности Check Point Advantage в Казахстане.

  • Profit Industry & Energy Day 2026

    Profit Industry & Energy Day 2026

    Фоторепортаж с конференции Profit Industry & Energy Day 2026, посвященной цифровизации промышленности и энергетики в Казахстане.

  • Profit Contact Day 2026

    Profit Contact Day 2026

    Фоторепортаж с конференции Profit Contact Day 2026, посвященной автоматизации контакт-центров и управлению клиентским оаытом в Казахстане.

  • Profit Retail & Finance Day 2026

    Profit Retail & Finance Day 2026

    Фоторепортаж с конференции Profit Retail & Finance Day 2026, посвященной цифровизации ритейла, ТРЦ, банков и финсектора в Казахстане.