HR Enbek порталында электрондық ұжымдық шарт жасалуы мүмкін

HR Enbek еңбек ресурстары порталында жұмыс беруші мен кәсіподақ ұйымы арасында электрондық ұжымдық шартты жасасу мүмкіндігі бар.

, Profit.kz
Рубрики: Qazaq IT

Кәсіподақ өкілі порталдағы жеке кабинетте ұжымдық шарт жобасын жасайды және оны жұмыс берушіге келісу үшін жібереді. Жұмыс беруші ЭҰШ жобасын бекіткен кезде ол еңбек заңнамасының сақталуын тексеру үшін автоматты түрде мемлекеттік еңбек инспекторының жеке кабинетіне жіберіледі. Мемлекеттік инспектор бекіткеннен кейін құжатқа жұмыс беруші қол қоя алады.

Пайдаланушыларға ыңғайлы болу үшін жүйе ЭҰШ-пен жұмыстың барлық кезеңдерінде: жобаға қол қойғанда, оны қайта қарауға жіберген кезде, мемлекеттік еңбек инспекторы құжатты қабылдағаннан немесе қабылдамағаннан кейін автоматты түрде жұмыс берушіге және кәсіподақ ұйымына хабарламалар жібереді.

Қол қойылған ЭҰШ кәсіподақ үшін де, жұмыс беруші үшін де көруге және жүктеп алуға қолжетімді болады. Оның түпнұсқалығын электронды құжатта орналастырылған QR коды арқылы тексеруге болады.

Ұжымдық шарттардың электрондық форматын енгізу еңбек қатынастарының заңдылығы мен ашықтығын арттыруға, жұмыс берушінің қабылдаған міндеттемелердің орындалуына бақылауды қамтамасыз етуге, жұмыс орындарының сапасын бақылауға мүмкіндік береді.

Подписывайтесь на каналы Profit.kz в Facebook и Telegram.

Свежие новости

Статьи

Последние фоторепортажи

  • Profit Education Day 2026

    Profit Education Day 2026

    Фоторепортаж с конференции Profit Education Day 2026, посвященной цифровизации образования в Казахстане.

  • Check Point Advantage Astana 2026

    Check Point Advantage Astana 2026

    Фоторепортаж с конференции по информационной безопасности Check Point Advantage в Казахстане.

  • Profit Industry & Energy Day 2026

    Profit Industry & Energy Day 2026

    Фоторепортаж с конференции Profit Industry & Energy Day 2026, посвященной цифровизации промышленности и энергетики в Казахстане.

  • Profit Contact Day 2026

    Profit Contact Day 2026

    Фоторепортаж с конференции Profit Contact Day 2026, посвященной автоматизации контакт-центров и управлению клиентским оаытом в Казахстане.

  • Profit Retail & Finance Day 2026

    Profit Retail & Finance Day 2026

    Фоторепортаж с конференции Profit Retail & Finance Day 2026, посвященной цифровизации ритейла, ТРЦ, банков и финсектора в Казахстане.