Қазақстан мен Финляндия «жасыл» энергетика және декарбонизация саласындағы ынтымақтастықты нығайтады
Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінде энергетика вице-министрі Әлібек Жамауовтың Финляндия Республикасы парламентінің депутаты, Қазақстанмен достық тобының жетекшісі Вилле Скиннаримен кездесуі өтті.
Кездесу барысында тараптар электр энергетикасы саласындағы, жаңартылатын энергия көздерін (ЖЭК) дамытудағы, сондай-ақ декарбонизацияға қатысты ұлттық және халықаралық бастамаларды іске асырудағы қазақстан-фин әріптестігінің кеңею перспективаларын талқылады.
Ә.Ж. Жамауов Қазақстанның 2060 жылға қарай көміртегі бейтараптығына қол жеткізуге ұмтылысын атап өтіп, энергетика секторында жүргізіліп жатқан кешенді реформаларға назар аударды. Бұл реформалар жаңартылатын энергия үлесін арттыруға, электр желісі инфрақұрылымын жаңғыртуға және көміртек ізін азайтуға бағытталған. Осы орайда фин тарапы тұрақты энергетиканы дамытуға бағытталған инвестициялық және технологиялық жобаларға белсенді қатысуға шақырылды.
Өз кезегінде Вилле Скиннари Финляндияның «жасыл» технологиялар, зияткерлік энергетикалық жүйелер мен энергия тиімділігі салаларындағы тәжірибемен бөлісуге дайын екенін атап өтті. Ол Қазақстанда жүргізіліп жатқан реформаларға қолдау білдіріп, климаттық мақсаттарға қол жеткізу үшін ведомствоаралық ынтымақтастықты нығайтудың маңыздылығын ерекше атап өтті.
Тараптар энергетика саласындағы диалог пен ынтымақтастықты одан әрі дамытуға, сондай-ақ халықаралық платформалар аясында ортақ бастамаларды ілгерілетуге өзара мүдделілік білдірді.
Похожие материалы
Свежие новости
Статьи
Последние фоторепортажи
-
Profit Education Day 2026
Фоторепортаж с конференции Profit Education Day 2026, посвященной цифровизации образования в Казахстане.
-
Check Point Advantage Astana 2026
Фоторепортаж с конференции по информационной безопасности Check Point Advantage в Казахстане.
-
Profit Industry & Energy Day 2026
Фоторепортаж с конференции Profit Industry & Energy Day 2026, посвященной цифровизации промышленности и энергетики в Казахстане.
-
Profit Contact Day 2026
Фоторепортаж с конференции Profit Contact Day 2026, посвященной автоматизации контакт-центров и управлению клиентским оаытом в Казахстане.
-
Profit Retail & Finance Day 2026
Фоторепортаж с конференции Profit Retail & Finance Day 2026, посвященной цифровизации ритейла, ТРЦ, банков и финсектора в Казахстане.