Екі айда 3 миллионнан астам құрылғы сәйкестендірілді
25 наурыздан бастап Қазақстанда мобильді құрылғылардың IMEI-кодтарын міндетті түрде сәйкестендіру енгізілді. Жоба бірнеше кезеңмен жүзеге асырылады.
Біріншісі кезең — 2025 жылғы 25 наурыздан 25 мамырға дейін жалғасты, осы уақыт аралығында елге әкелінген, бірақ әлі іске қосылмаған немесе сатылмаған мобильді құрылғыларды заңдастыру тетігі жүзеге асырылды. ОКҚ алаңында өткен баспасөз конференциясында ҚР Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі Телекоммуникациялар комитетінің төрағасы Дамир Сейсембеков верификациялаудың бірінші кезеңі туралы айтып берді.
Басты цифрлық құрал — мобильді құрылғыларды тіркеуді, сәйкестендіруді және олардың статусын бақылауды қамтамасыз ететін Kz-imei.kz порталы.
«Сәйкестендіруді енгізу туралы бұйрыққа енгізілген өзгерістер күшіне енген сәттен бастап 3 миллионнан астам құрылғы верификацияланды. Бүгінгі күні порталда 4 771 пайдаланушы тіркелген. Сәйкестендіру белсенді түрде жалғасуда. Портал жұмыс істеп тұр, жүктемені көтере алады», — деді спикер.
Бұл уақыт ресми өкілдер, әртүрлі жеке кәсіпкерлер елге әкелінген телефондар туралы ақпараты порталға енгізуі үшін берілді. Сонымен қатар, белсенді ақпараттық науқан өткізілді: бизнеспен брифингтер, сондай-ақ ұлттық телеарналар мен әлеуметтік желілерде кеңінен ақпараттандыру жұмыстары ұйымдастырылды.
Похожие материалы
Свежие новости
Статьи
Последние фоторепортажи
-
Profit Education Day 2026
Фоторепортаж с конференции Profit Education Day 2026, посвященной цифровизации образования в Казахстане.
-
Check Point Advantage Astana 2026
Фоторепортаж с конференции по информационной безопасности Check Point Advantage в Казахстане.
-
Profit Industry & Energy Day 2026
Фоторепортаж с конференции Profit Industry & Energy Day 2026, посвященной цифровизации промышленности и энергетики в Казахстане.
-
Profit Contact Day 2026
Фоторепортаж с конференции Profit Contact Day 2026, посвященной автоматизации контакт-центров и управлению клиентским оаытом в Казахстане.
-
Profit Retail & Finance Day 2026
Фоторепортаж с конференции Profit Retail & Finance Day 2026, посвященной цифровизации ритейла, ТРЦ, банков и финсектора в Казахстане.