Кардиологиядағы инновациялар: енді қазақстандықтарға жаңа буын тамырішілік УДЗ қолжетімді

Avvigo+ атты жаңа жүйенің көмегімен дәрігерлер артерияларды дәл әрі жылдам өлшеп, тарылу деңгейін, стенттің ұзындығы мен диаметрін 0,1 мм дәлдікпен.

, Profit.kz
Рубрики: Qazaq IT

Алматы қаласындағы Кардиология және ішкі аурулар ғылыми-зерттеу институтында коронарлық артерияларды көруге арналған жасанды интеллекті бар жаңа буын тамырішілік ультрадыбыс енгізілді, деп хабарлайды ҚР Денсаулық сақтау министрлігі. Жаңа технология Санкт-Петербургтен келген жетекші рентгенхирург Владимир Ардеевтің қатысуымен өткен мастер-класс шеңберінде енгізілді. Мастер-класс шеңберінде барлығы 10 сәтті операция жасалды.

«Рентгеноперациялық блок заманауи жабдықтармен жарақталған, бұл организмнің кез келген аймағында рентгенбақылаумен операция жасауға мүмкіндік береді. Дәрігерлер ең озық құралдарды, медициналық аппаратура мен шығын материалдарын қолданады. Біздің институтымыз Қазақстандағы осы инновациялық технологияны ұсынған алғашқы медициналық мекемелердің бірі болды», — деп атап өтті басқарма төрағасы Марат Пашимов.

Avvigo+ атты жаңа жүйенің көмегімен дәрігерлер артерияларды дәл әрі жылдам өлшеп, тарылу деңгейін, стенттің ұзындығы мен диаметрін 0,1 мм дәлдікпен, сондай-ақ зақымданған аймаққа дейінгі және кейінгі тамырлардың ерекшеліктерін анықтай алады. Бұл операцияны барынша дәл және пациент үшін қауіпсіз жүргізуге көмектеседі.

«ТІУДЗ қолдану стент тромбозы мен стент рестенозы сияқты асқыну қаупін төмендететіні дәлелденген. Бұл науқастың операциядан бас тартуын қоспағанда диагностикалық әдістің абсолюттік қарсы көрсетілімдері жоқ», — деп түсіндірді рентгенэндоваскулярлық операциялық блок меңгерушісі Алексей Колесников.

Подписывайтесь на каналы Profit.kz в Facebook и Telegram.

Свежие новости

Статьи

Последние фоторепортажи

  • Profit Education Day 2026

    Profit Education Day 2026

    Фоторепортаж с конференции Profit Education Day 2026, посвященной цифровизации образования в Казахстане.

  • Check Point Advantage Astana 2026

    Check Point Advantage Astana 2026

    Фоторепортаж с конференции по информационной безопасности Check Point Advantage в Казахстане.

  • Profit Industry & Energy Day 2026

    Profit Industry & Energy Day 2026

    Фоторепортаж с конференции Profit Industry & Energy Day 2026, посвященной цифровизации промышленности и энергетики в Казахстане.

  • Profit Contact Day 2026

    Profit Contact Day 2026

    Фоторепортаж с конференции Profit Contact Day 2026, посвященной автоматизации контакт-центров и управлению клиентским оаытом в Казахстане.

  • Profit Retail & Finance Day 2026

    Profit Retail & Finance Day 2026

    Фоторепортаж с конференции Profit Retail & Finance Day 2026, посвященной цифровизации ритейла, ТРЦ, банков и финсектора в Казахстане.