Қазақстанда фишингтік сайттарды тексеретін қосымша іске қосылады
Осы сервистің көмегімен азаматтар қай дербес деректердің қашан және қайдан ұрланғанын біле алады.
Nomad Guard — қазақстандықтардың кибергигиена деңгейін, олардың хабардарлығы мен қырағылығын арттыруға бағытталған жоба. Ол туралы ОКҚ алаңында өткен баспасөз конференциясында «web-totem» ЖШС басшысы Руслан Төрегелдинов айтып берді.
«Біз бүгінде eGov-пен интеграцияландық. Енді біздің сервис арқылы ешкім дербес деректерді іздей алмайды. Мәселен, сіз порталға ЭЦҚ-ны енгізіп кірген кезде жүйеде ЖСН, ТАӘ, электрондық поштаңыз және т. б. мәліметтер сақталады. Дәл осы мәліметтердің көпке жария болғаны анықталса, 1414 және „eGov mobile“ мобильді қосымшасы арқылы ескерту келеді. Техникалық жағынан бәрін жасадық, қазір тестілеудің соңғы кезеңі жүргізіліп жатыр», — деді спикер.
Сондай-ақ Nomad Guard қосымшасында фишингтік сілтемелерді тексеру мүмкіндігі қолжетімді болады. Сілтеме қауіпсіз болмаған жағдайда қазақстандық және шетелдік домендік аймақтарды бұғаттау шаралары қабылданады.
«Егер сілтеме бұрын базада тіркеліп, „фишингтік“ деп белгіленген болса, онда жауап бірден келеді, егер бұл жаңа сілтеме болса, жауапты бірнеше минут күту қажет болады», — деп қорытындылады Руслан Төрегелдинов.
Похожие материалы
Свежие новости
Статьи
Последние фоторепортажи
-
Profit Education Day 2026
Фоторепортаж с конференции Profit Education Day 2026, посвященной цифровизации образования в Казахстане.
-
Check Point Advantage Astana 2026
Фоторепортаж с конференции по информационной безопасности Check Point Advantage в Казахстане.
-
Profit Industry & Energy Day 2026
Фоторепортаж с конференции Profit Industry & Energy Day 2026, посвященной цифровизации промышленности и энергетики в Казахстане.
-
Profit Contact Day 2026
Фоторепортаж с конференции Profit Contact Day 2026, посвященной автоматизации контакт-центров и управлению клиентским оаытом в Казахстане.
-
Profit Retail & Finance Day 2026
Фоторепортаж с конференции Profit Retail & Finance Day 2026, посвященной цифровизации ритейла, ТРЦ, банков и финсектора в Казахстане.