Шымкентте полицейлер ЖИ мен вайбкодингті меңгеруде

Семинарды Цифрлық үкіметті қолдау орталығының бас директоры Әлия Оспанова мен Шымкент қаласы полиция департаментінің бастығы Мұхтар Қожаев ашты.

, Profit.kz
Рубрики: Qazaq IT

Шымкентте полиция департаментінің басшылық және жеке құрамы үшін жасанды интеллект технологияларын қызметтік жұмыста қолдануға арналған екі күндік семинар-тренинг өтіп жатыр. Бүгін оқытудың алғашқы күні өтті. Іс-шара Қазақстан Республикасы премьер-министрінің орынбасары — Жасанды интеллект және цифрлық даму министрінің тапсырмасы бойынша Жасанды интеллект және цифрлық даму министрлігінің Цифрлық үкіметті қолдау орталығының ұйымдастыруымен өткізілуде.

Семинарды Цифрлық үкіметті қолдау орталығының бас директоры Әлия Оспанова мен Шымкент қаласы полиция департаментінің бастығы Мұхтар Қожаев ашты.

Оқыту барысында тәжірибелік жұмыстарға басымдық берілді. Қызметкерлер автоматтандыруға болатын жұмыс процестерін анықтауды, жасанды интеллектке тапсырманы дұрыс қоюды, сондай-ақ бағдарламалау дағдыларынсыз вайбкодинг арқылы цифрлық құралдарды әзірлеп, сынақтан өткізуді үйренуде.

Жаңа технологиялар ауқымды ақпаратты өңдеуге, құжаттарды жүйелеуге, анықтамалар, қорытындылар мен талдамалық материалдарды әзірлеуге кететін уақытты қысқартып, күнделікті қайталанатын жұмыстарды азайтуға мүмкіндік береді.

Сонымен қатар ақпараттық қауіпсіздік мәселелеріне ерекше назар аударылуда. Қызметтік ақпаратпен жұмыс белгіленген талаптарды сақтай отырып, тек қорғалған ортада жүргізілуі тиіс.

Семинар ІІМ мен Цифрлық үкіметті қолдау орталығы арасындағы ынтымақтастық аясында өткізіліп, ішкі істер органдары қызметкерлерінің жасанды интеллект саласындағы дағдыларын арттыруға бағытталған.

Оқыту барысында меңгерген дағдыларды алдағы уақытта Шымкент қаласы полиция департаментінің жұмыс үдерістерінде қолдану жоспарлануда.

Подписывайтесь на каналы Profit.kz в Facebook и Telegram.

Свежие новости

Статьи

Последние фоторепортажи

  • Profit Education Day 2026

    Profit Education Day 2026

    Фоторепортаж с конференции Profit Education Day 2026, посвященной цифровизации образования в Казахстане.

  • Check Point Advantage Astana 2026

    Check Point Advantage Astana 2026

    Фоторепортаж с конференции по информационной безопасности Check Point Advantage в Казахстане.

  • Profit Industry & Energy Day 2026

    Profit Industry & Energy Day 2026

    Фоторепортаж с конференции Profit Industry & Energy Day 2026, посвященной цифровизации промышленности и энергетики в Казахстане.

  • Profit Contact Day 2026

    Profit Contact Day 2026

    Фоторепортаж с конференции Profit Contact Day 2026, посвященной автоматизации контакт-центров и управлению клиентским оаытом в Казахстане.

  • Profit Retail & Finance Day 2026

    Profit Retail & Finance Day 2026

    Фоторепортаж с конференции Profit Retail & Finance Day 2026, посвященной цифровизации ритейла, ТРЦ, банков и финсектора в Казахстане.