Қазақстан мен Түрікменстан цифрлық технологиялар және байланыс саласындағы ынтымақтастықты нығайтады

Кездесудің негізгі тақырыптарының бірі – Қазақстан мен Түрікменстан телекоммуникациялық желілерінің халықаралық түйісу нүктесін ұйымдастыру жобасы болды.

, Profit.kz
Рубрики: Qazaq IT

Түрікменстан Президенті Сердар Бердімұхамедовтің Қазақстан Республикасына ресми сапары аясында Түрікменстанның Байланыс министрі Қажымұрат Құдайғұлыев Қазақстан Республикасы Премьер-министрінің орынбасары — жасанды интеллект және цифрлық даму министрі Жаслан Мәдиевпен, сондай-ақ вице-министр Досжан Мұсалиевпен екіжақты кездесу өткізді. Тараптар цифрлық экономиканы және электрондық үкіметті дамыту, халықаралық деректер транзитінің өткізу қабілетін арттыру, жасанды интеллект саласындағы әріптестікті кеңейту, «Қазпошта» АҚ арқылы цифрлық сауданы дамыту мүмкіндіктері, ғарыш саласындағы өзара іс-қимыл және Алматыда Тұрақты даму үшін цифрлық шешімдер жөніндегі өңірлік орталық құру туралы Қазақстанның бастамасын қолдау секілді бірқатар маңызды бағыттарды талқылады.

Кездесудің негізгі тақырыптарының бірі — Қазақстан мен Түрікменстан телекоммуникациялық желілерінің халықаралық түйісу нүктесін ұйымдастыру жобасы болды. Бұл — екі елдің желілерін тікелей әрі сенімді байланыстыруды мақсат ететін маңызды инфрақұрылымдық бастама.

Жоба Темірбаба (Қазақстан) — Бекдаш (Түрікменстан) учаскесінде жерасты талшықты-оптикалық байланыс желісін салуды көздейді. Бұл желінің іске қосылуы өңірдің транзиттік әлеуетін күшейтіп, халықаралық байланыс арналарының өткізу қабілетін арттырады және Орталық Азиядағы жаңа цифрлық бағыттарды қалыптастыруға мүмкіндік береді.

Сапар аясында Қазақстанның «TNS-Plus» ЖШС мен Түрікменстанның «Туркментелеком» компаниясы арасында Ниеттестік туралы меморандумға қол қойылды. Құжат екі елдің магистралдық телекоммуникациялық желілерін біріктіретін шекаралық кабельдік өткел салу жөніндегі келісімді бекітеді.

Жобаны іске асыру үшін бірлескен жұмыс тобы құрылады. Топ болашақ желінің техникалық параметрлерін, мемлекетаралық шекараны кесіп өтетін нүктені айқындап, жобалық-сметалық құжаттаманы әзірлейді.

Негізгі құрылыс жұмыстарын меморандумға қол қойған күннен кейін 12 ай ішінде аяқтау жоспарланып отыр.

Жоба мемлекетаралық маңызға ие: ол Қазақстан мен Түрікменстан арасындағы экономикалық ынтымақтастық жөніндегі Үкіметаралық комиссияның хаттамасына енгізілген және салалық ведомстволар деңгейінде саяси қолдау тапты. Оның жүзеге асуы телекоммуникация саласындағы серіктестікті нығайтады және екі ел арасындағы халықаралық байланыс қызметтерінің сапасын жаңа деңгейге көтереді.

Бұл бағыттағы жұмыс жалғасуда, тараптар АКТ және коммуникациялық инфрақұрылым саласындағы әріптестікті одан әрі кеңейтуге дайын екенін растады.

Подписывайтесь на каналы Profit.kz в Facebook и Telegram.

Свежие новости

Статьи

Последние фоторепортажи

  • Profit Education Day 2026

    Profit Education Day 2026

    Фоторепортаж с конференции Profit Education Day 2026, посвященной цифровизации образования в Казахстане.

  • Check Point Advantage Astana 2026

    Check Point Advantage Astana 2026

    Фоторепортаж с конференции по информационной безопасности Check Point Advantage в Казахстане.

  • Profit Industry & Energy Day 2026

    Profit Industry & Energy Day 2026

    Фоторепортаж с конференции Profit Industry & Energy Day 2026, посвященной цифровизации промышленности и энергетики в Казахстане.

  • Profit Contact Day 2026

    Profit Contact Day 2026

    Фоторепортаж с конференции Profit Contact Day 2026, посвященной автоматизации контакт-центров и управлению клиентским оаытом в Казахстане.

  • Profit Retail & Finance Day 2026

    Profit Retail & Finance Day 2026

    Фоторепортаж с конференции Profit Retail & Finance Day 2026, посвященной цифровизации ритейла, ТРЦ, банков и финсектора в Казахстане.