Қазақстандағы азық-түліктерге арналған цифрлық ваучерлер: оларды кім ала алады және олар қалай жұмыс істейді?

ҚР сауда және интеграция министрі Арман Шакқалиев Үкімет отырысының қорытындысы бойынша өткен баспасөз мәслихатында мұқтаж азаматтар үшін цифрлық азық-түлік ваучерлерінің тетігі қалай жұмыс істейтінін түсіндірді.

, Profit.kz
Рубрики: Qazaq IT

Арман Шаққалиев пилоттық жоба алдымен Ақмола және Павлодар облыстарында жүзеге асатынын атап өтті. Жоба шеңберінде мұқтаж азаматтар, яғни, атаулы әлеуметтік көмек (АӘК) алушылар азық-түліктерді «Әлеуметтік әмиян» сервисі арқылы сатып ала алады. Бұл үшін оларға арнайы цифрлық ваучерлер беріледі. Бұл ваучерлердің иелері азық-түлікті сауда үстемесі қосылмаған арзан күйінде сатып ала алады.

 «Азаматтар QR-код және төлем карточкасын пайдалана алады. Пилоттық жоба барысында қандай құрал анағұрлым тиімдірек екені анықталатын болады», — деп нақтылады министр.

Көмектің бұл түрі кірісі кедейлік шегінен төмен азаматтарға ғана берілетіні атап өтілді. Тетік «eGov Mobile» мобильді қосымшасы негізінде — «Әлеуметтік әмиян» сервисі арқылы жүзеге асырылатын болады.

Жүйе бір айлық есептік көрсеткішке (АЕК) сүйене отырып, отбасының әрбір мүшесі үшін азық-түлік ваучерін автоматты түрде қалыптастырады. Ваучерді жергілікті атқарушы органдармен бірлесіп анықталатын серіктес дүкендерден жеңілдіктер алу үшін пайдалануға болады. Сәтті сынақтан өткен жағдайда жоба бүкіл елге таратылады.

«Бүгінгі таңда шекті мерзімдер белгіленді. Биылғы жылдың күзінде біз пилоттық жоба бойынша барлық жұмыстарды жүргізуіміз керек. Одан кейін бета-нұсқа дайын болады», — деп толықтырды Арман Шаққалиев.

Подписывайтесь на каналы Profit.kz в Facebook и Telegram.

Свежие новости

Статьи

Последние фоторепортажи

  • Profit Education Day 2026

    Profit Education Day 2026

    Фоторепортаж с конференции Profit Education Day 2026, посвященной цифровизации образования в Казахстане.

  • Check Point Advantage Astana 2026

    Check Point Advantage Astana 2026

    Фоторепортаж с конференции по информационной безопасности Check Point Advantage в Казахстане.

  • Profit Industry & Energy Day 2026

    Profit Industry & Energy Day 2026

    Фоторепортаж с конференции Profit Industry & Energy Day 2026, посвященной цифровизации промышленности и энергетики в Казахстане.

  • Profit Contact Day 2026

    Profit Contact Day 2026

    Фоторепортаж с конференции Profit Contact Day 2026, посвященной автоматизации контакт-центров и управлению клиентским оаытом в Казахстане.

  • Profit Retail & Finance Day 2026

    Profit Retail & Finance Day 2026

    Фоторепортаж с конференции Profit Retail & Finance Day 2026, посвященной цифровизации ритейла, ТРЦ, банков и финсектора в Казахстане.