Келешек мектептеріне жас педагогтерді іріктеуге арналған платформа іске қосылды
Платформада «Өрлеу» орталығының тестілеуінен сәтті өткен педагогикалық ЖОО түлектерінің электрондық портфолиолары қамтылған. 600-ге жуық жас педагог іріктеуден өтті.
Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігінің «Өрлеу» біліктілікті арттыру ұлттық орталығы ұлттық жоба аясында салынған «Келешек мектептері» жаңа форматтағы мектептерге жас мамандарды жылдам әрі тиімді іріктеуге арналған құралы — Career.orleu.edu.kz цифрлық платформасын іске қосты.
Сервисте жас педагогтердің білімі, мамандығы мен тәжірибесіне қатысты мәліметтер жинақталып, электронды портфолио қалыптастырылады. Қазіргі таңда платформа тек «Келешек мектептері» директорлары үшін қолжетімді. Олар кандидаттарды өңірі, пәні, біліктілігі бойынша тиімді таңдай алады. Жүйе мемлекеттік дерекқорлармен кіріктірілген, бұл — мәліметтердің дәлдігі мен өзектілігін қамтамасыз етеді.
Платформаның негізгі мүмкіндіктері:
— жас педагог туралы толық электронды карта;
— директорлар үшін қауіпсіз кіру жүйесі (ЭЦҚ арқылы);
— смарт сүзгі: нақты пән, өңір және мамандығы бойынша іздеу;
— жұмысқа орналасқан түлектерді автоматты түрде есепке алу.
Похожие материалы
Свежие новости
Статьи
Последние фоторепортажи
-
Profit Education Day 2026
Фоторепортаж с конференции Profit Education Day 2026, посвященной цифровизации образования в Казахстане.
-
Check Point Advantage Astana 2026
Фоторепортаж с конференции по информационной безопасности Check Point Advantage в Казахстане.
-
Profit Industry & Energy Day 2026
Фоторепортаж с конференции Profit Industry & Energy Day 2026, посвященной цифровизации промышленности и энергетики в Казахстане.
-
Profit Contact Day 2026
Фоторепортаж с конференции Profit Contact Day 2026, посвященной автоматизации контакт-центров и управлению клиентским оаытом в Казахстане.
-
Profit Retail & Finance Day 2026
Фоторепортаж с конференции Profit Retail & Finance Day 2026, посвященной цифровизации ритейла, ТРЦ, банков и финсектора в Казахстане.