Oylan тілдік-көрнекі моделі Қазақстанда пилоттық режимде іске қосылды
Nazarbayev University жанындағы Ақылды жүйелер мен жасанды интеллект институты (NU ISSAI) пилоттық режимде Oylan моделін іске қосу арқылы жасанды интеллект саласында үлкен серпіліс жасады.
Oylan — кескіндер мен мәтінді өңдейтін, қазақ, орыс және ағылшын тілдерінде еркін жұмыс істей алатын қуатты модельі. Бұл көптілділік модельді өте әмбебап етіп, Қазақстанда айтарлықтай әсер етуге мүмкіндік береді.
Oylan моделін оқыту үшін, ISSAI зерттеушілері Қазақстан тарихындағы ең үлкен деректер жиынтығын әзірледі. Бұл ауқымды деректер жинағы елдің тілдік, мәдени және экономикалық ерекшеліктеріне мұқият бейімделген 10 миллионнан астам сурет пен 50 миллион сұрақ-жауап жұбын қамтиды. Oylan білім беру, денсаулық сақтау, өнеркәсіп және қаржы сияқты салаларда қолданылуы мүмкін.
«Деректер жинағы кескін жазу, визуалды сұрақ-жауап, оптикалық таңбаларды тану, құжаттарды талдау, диаграммаларды, графиктерді және кестелерді түсіну, математика, геометрия, физика сияқты әртүрлі салалардағы мәселелерді қамтидлы», — деді Асқат Куздеуов, Аға деректер талдау сарапшы.
Шектеулі есептеу ресурстарына қарамастан, ISSAI командасы Oylan-ды тиімді оқыту үшін инновациялық әдістерді әзірледі. Oylan моделінің мүмкіндіктерін ISSAI-дың арнайы жасалған oylan.nu.edu.kz платформасында пилоттық іске қосу арқылы зерттеуге болады, онда интуитивті өзара әрекеттесу үшін дауыстық функция да қолжетімді. Сонымен қатар, әзірлеушілер Oylan функционалын өз шешімдерінде пайдалану үшін API-ге қоса алады.
ISSAI бизнес, инвесторлар және әзірлеушілерді Oylan моделін әрі қарай дамытуға және оның Қазақстанның әртүрлі салаларындағы әлеуетін толық ашуға бірлесе үлес қосуға шақырады.
Похожие материалы
Свежие новости
Статьи
Последние фоторепортажи
-
Profit Education Day 2026
Фоторепортаж с конференции Profit Education Day 2026, посвященной цифровизации образования в Казахстане.
-
Check Point Advantage Astana 2026
Фоторепортаж с конференции по информационной безопасности Check Point Advantage в Казахстане.
-
Profit Industry & Energy Day 2026
Фоторепортаж с конференции Profit Industry & Energy Day 2026, посвященной цифровизации промышленности и энергетики в Казахстане.
-
Profit Contact Day 2026
Фоторепортаж с конференции Profit Contact Day 2026, посвященной автоматизации контакт-центров и управлению клиентским оаытом в Казахстане.
-
Profit Retail & Finance Day 2026
Фоторепортаж с конференции Profit Retail & Finance Day 2026, посвященной цифровизации ритейла, ТРЦ, банков и финсектора в Казахстане.