Зияткерлік меншік саласында сыйақы төлеу процесі кезең-кезеңімен автоматтандырылуда

Платформада шарттар жасасу, туындылардың пайдаланылуын есепке алу, есептілікті ұсыну, сыйақыны бөлу жəне төлеу процестері кезең-кезеңімен автоматтандырылады.

, Profit.kz
Рубрики: Qazaq IT

Еліміздің жаңа Конституциясында алғаш рет зияткерлік меншік заңмен қорғалатыны туралы ереже бекітілді. Бұл норма Негізгі Заңда көзделген адамға бағдарланған тəсілге сəйкес келеді жəне мемлекеттің дамуындағы адамның зияткерлік жəне шығармашылық əлеуетінің артып келе жатқан маңызын көрсетеді. Бүгінде зияткерлік меншік жүйесін дамыту шығармашылыққа, инновацияларға жəне технологиялық дамуға жағдай жасауға бағытталған мемлекеттік саясаттың маңызды бөлігі болып табылады. Бұл ретте құқықтық қорғауды қамтамасыз ету ғана емес, сонымен қатар құқықтарды іс жүзінде тиімді іске асыру да ерекше маңызға ие. ҚР әділет вице-министрі Ботагөз Жақселекова ОКҚ алаңында өткен баспасөз конференциясында осылай деді.

Оның айтуынша, осындай бағыттардың бірі — авторлық жəне сабақтас құқықтарды ұжымдық басқару жүйесін жетілдіру. Бұл салада Əділет министрлігі туындыларды пайдалануды есепке алу, сыйақыны бөлу жəне төлеу процестерінің ашықтығын қамтамасыз етуге бағытталған Бірыңғай цифрлық платформаны іске асыруда.

Осы тұрғыда 2026 жылдың Қазақстанда Цифрландыру жəне жасанды интеллект жылы болып жариялануының символдық мəні бар.

«2025 жылғы 24 қарашада Мемлекет басшысы „Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне зияткерлік меншік мəселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы“ Қазақстан Республикасының Заңына қол қойды, ол 2026 жылғы 24 қаңтарда күшіне енді. Заңның негізгі жаңалықтарының бірі — зияткерлік меншік саласындағы Бірыңғай цифрлық платформаны құру жəне енгізу. Платформа құқықтарды ұжымдық басқару жөніндегі ұйымдардың (ҚҰБҰ) қызметінің ашықтығын, сондай-ақ жиналған сыйақыны əділ бөлу мен төлеуді қамтамасыз ету мақсатында құрылды. Платформа немесе қысқаша БЦП авторларды жəне құқық иеленушілерді, ҚҰБҰ мен туындыларды пайдаланушыларды бірыңғай цифрлық ортада біріктіреді. Платформада шарттар жасасу, туындылардың пайдаланылуын есепке алу, есептілікті ұсыну, сыйақыны бөлу жəне төлеу процестері кезең-кезеңімен автоматтандырылады», — деді вице-министр.

Платформаны үш кезеңде енгізу көзделген. Қаңтарда басталған бірінші кезең радиостанциялар, телеарналар, кабельдік жəне спутниктік операторлар мен таза тасымалдағыштар саласын қамтиды.

2026 жылғы 1 шілдеден басталған екінші кезең театрларды, филармониялар мен кинотеатрларды қамтиды. Үшінші — ең ауқымды кезең кафелерді, мейрамханаларды, сауда орталықтарын, қонақүйлерді жəне бизнестің басқа да санаттарын қамтиды.

Подписывайтесь на каналы Profit.kz в Facebook и Telegram.

Свежие новости

Статьи

Последние фоторепортажи

  • Profit Security Day 2026

    Profit Security Day 2026

    Фоторепортаж с конференции Profit Security Day 2026, посвященной информационной безопасности в Казахстане.

  • Profit Education Day 2026

    Profit Education Day 2026

    Фоторепортаж с конференции Profit Education Day 2026, посвященной цифровизации образования в Казахстане.

  • Check Point Advantage Astana 2026

    Check Point Advantage Astana 2026

    Фоторепортаж с конференции по информационной безопасности Check Point Advantage в Казахстане.

  • Profit Industry & Energy Day 2026

    Profit Industry & Energy Day 2026

    Фоторепортаж с конференции Profit Industry & Energy Day 2026, посвященной цифровизации промышленности и энергетики в Казахстане.

  • Profit Contact Day 2026

    Profit Contact Day 2026

    Фоторепортаж с конференции Profit Contact Day 2026, посвященной автоматизации контакт-центров и управлению клиентским оаытом в Казахстане.