Дрондар жолдағы тәртіпті әуеден бақылауда: Абай облысында рейдтер күшейтілді
Әуеден бақылаудың басты артықшылығы — жолдың кең аумағын бір мезетте қамту.
Абай облысының автожолдарында жол қозғалысы қауіпсіздігін қамтамасыз ету бағытындағы бақылау жұмыстары заманауи технологиялардың көмегімен күшейтілуде. Полиция қызметкерлері ұшқышсыз ұшу аппараттарын пайдаланып, республикалық және облыстық маңызы бар жолдардағы қозғалыс барысын әуеден бақылауда.
Дрондар жолдағы жағдайды жоғарыдан бақылап, қарсы бағыттағы қозғалыс жолағына шығу, белгіленген жылдамдықты асыру, қауіпті маневр жасау және басқа да жол қозғалысы ережелерін бұзу фактілерін анықтауға мүмкіндік береді.
Әуеден бақылаудың басты артықшылығы — жолдың кең аумағын бір мезетте қамту. Бұл жол қозғалысына қатысушылардың тәртібін арттырып қана қоймай, қауіпті жағдайлардың алдын алуға да мүмкіндік береді.
Әсіресе қарсы бағытқа шығу секілді ережені өрескел бұзу ауыр салдарға әкелуі мүмкін. Бір ғана қате маневр бірнеше адамның өміріне қауіп төндіреді. Сондықтан жолдағы әрбір әрекеттің артында адам өмірі мен қауіпсіздігі тұрғанын естен шығармаған жөн.
Полиция қызметкерлері жүргізушілерді жолға шығар алдында көліктің техникалық жағдайын тексеруге, белгіленген жылдамдық режимін сақтауға, басып озу кезінде аса мұқият болуға және жол жағдайына қарай жылдамдықты дұрыс таңдауға шақырады.
Похожие материалы
Свежие новости
Статьи
Последние фоторепортажи
-
Profit Security Day 2026
Фоторепортаж с конференции Profit Security Day 2026, посвященной информационной безопасности в Казахстане.
-
Profit Education Day 2026
Фоторепортаж с конференции Profit Education Day 2026, посвященной цифровизации образования в Казахстане.
-
Check Point Advantage Astana 2026
Фоторепортаж с конференции по информационной безопасности Check Point Advantage в Казахстане.
-
Profit Industry & Energy Day 2026
Фоторепортаж с конференции Profit Industry & Energy Day 2026, посвященной цифровизации промышленности и энергетики в Казахстане.
-
Profit Contact Day 2026
Фоторепортаж с конференции Profit Contact Day 2026, посвященной автоматизации контакт-центров и управлению клиентским оаытом в Казахстане.