Следите за новостями

Цифра дня

600 тонн оптоволокна уложат по дну Каспия для транскаспийской ВОЛС

    Қазақстанда Корей Ғылым және озық технологиялар институтының филиалы ашылады

    Сеул қаласында ҚР Ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбектің Корея Республикасының премьер-министрінің орынбасары — Ғылым және ақпараттық-коммуникациялық технологиялар министрі Пэ Кен Хунмен кездесуі өтті.

    13 августа 2026 12:05, Profit.kz
    Рубрики: Qazaq IT

    Кездесу барысында тараптар ғылым, жоғары білім және жасанды интеллект салаларындағы Қазақстан–Корея ынтымақтастығының негізгі бағыттарын талқылады. Келіссөздердің негізгі тақырыптарының бірі жасанды интеллект саласындағы ынтымақтастықты кеңейту болды. Атап айтқанда, озық технологиялар трансфері, бірлескен ғылыми-зерттеу жобаларын дамыту, сондай-ақ екі елдің білім беру және ғылыми ұйымдары арасындағы өзара байланысты нығайту мәселелеріне назар аударылды.

    Кездесуде Корей Ғылым және озық технологиялар институты (KAIST) филиалын ашу мәселесіне ерекше назар аударылды. Тараптар жасанды интеллект, цифрлық технологиялар және басқа да басым ғылыми-технологиялық бағыттар бойынша жоғары білікті мамандар даярлау мүмкіндіктерін кеңейтуге мүмкіндік беретін бастаманы іске асырудың одан арғы қадамдарын талқылады.

    «Қазақстан Корея Республикасымен стратегиялық серіктестікті одан әрі тереңдетуге мүдделі. Біз үшін жасанды интеллект, технологиялар трансфері және кадрлар даярлау салаларындағы бірлескен жобалардың маңызы зор. Корея мен Қазақстанның жетекші университеттері мен ғылыми орталықтары арасындағы тікелей өзара іс-қимылды кеңейтуге мүдделіміз», — деді Саясат Нұрбек.

    Кездесу қорытындысы бойынша тараптар ғылыми-технологиялық және білім беру салаларындағы ынтымақтастықты одан әрі дамытуға мүдделі екенін растап, қол жеткізілген уағдаластықтарды іске асыру бойынша жұмысты жалғастыруға келісті.

    Подписывайтесь на каналы Profit.kz в Facebook и Telegram.