Қазақстанда Білім саласына жасанды интеллектті енгізу жөніндегі жұмыс тобы құрылды
ҚР Оқу-ағарту министрлігінің жанынан білім беру саласына жасанды интеллектті енгізу жөніндегі жұмыс тобы құрылды — деп хабарлайды ведомствоның баспасөз қызметі.
Қазақстанда Мемлекет басшысының орта, техникалық және кәсіптік білім беру жүйесіне жасанды интеллект элементтерін енгізу жөніндегі тапсырмасына сәйкес ауқымды технологиялық трансформациялау жүзеге асырылуда. Жұмыс тобының алғашқы отырысын өткізген Оқу-ағарту министрі Жұлдыз Сүлейменова эксперттік қауымдастықпен отандық IT мамандардың ЕdTex саласындағы инновациялық шешімдері мен ұсыныстарын тыңдауға әзір екенін білдірді.
«Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың тапсырмасымен елімізде алғаш рет қабылданған „Жасанды интеллект туралы“ заң технологиялық дамудың жаңа кезеңін айқындайды. Жаһандық бәсекеге қабілетті, озық ойлы, білімді, жаңашыл, адал азамат тәрбиелеу үшін AI технологияларын білім беру процесіне сауатты әрі сапалы енгізу — министрліктің күн тәртібіндегі маңызды мәселелердің бірі. Жасанды интеллект мұғалімнің артық жүктемесін азайту және оқу процесін тиімді ұйымдастыруы үшін көмекші құрал ретінде қолданылуы керек», — деп атап өтті Жұлдыз Сүлейменова.
Отырыста жасанды интеллектті оқу үдерісіне кезең-кезеңмен енгізу үшін этикалық стандарттарды бекіту, нормативтік базаны жетілдіру, инновациялық шешімдер арқылы білім сапасын арттыру, AI жүйелеріне қойылатын техникалық талаптарды әзірлеу бойынша мәселелер қаралды.
Білім саласына жасанды интеллектті енгізу жөніндегі жұмыс тобына Мәжіліс депутаты, экономикалық реформа және өңірлік даму комитетінің хатшысы Екатерина Смышляева жетекші болып сайланды. Алдағы уақытта жұмыс тобының отырысы тұрақты түрде өткізілетін болады.
Похожие материалы
Свежие новости
Статьи
Последние фоторепортажи
-
Profit Education Day 2026
Фоторепортаж с конференции Profit Education Day 2026, посвященной цифровизации образования в Казахстане.
-
Check Point Advantage Astana 2026
Фоторепортаж с конференции по информационной безопасности Check Point Advantage в Казахстане.
-
Profit Industry & Energy Day 2026
Фоторепортаж с конференции Profit Industry & Energy Day 2026, посвященной цифровизации промышленности и энергетики в Казахстане.
-
Profit Contact Day 2026
Фоторепортаж с конференции Profit Contact Day 2026, посвященной автоматизации контакт-центров и управлению клиентским оаытом в Казахстане.
-
Profit Retail & Finance Day 2026
Фоторепортаж с конференции Profit Retail & Finance Day 2026, посвященной цифровизации ритейла, ТРЦ, банков и финсектора в Казахстане.