ЕАЭО-да тасымалдауды цифрландыру
ЕАЭО елдері халықаралық автомобиль жүк тасымалдауларында электронды халықаралық жүкқұжаттарды (e-CMR) пайдалану бойынша пилоттық жобаны дайындауды бастады.
Пилоттық жобаны өткізу туралы шешім 2024 ж. 29 қарашада өткізілген Еуразиялық экономикалық комиссия Кеңесінің (әрі қарай — ЕЭК) отырысында қабылданды.
Жобаның мақсаты — электрондық цифрлық қолтаңбаны және сенімді үшінші тарапты пайдалана отырып, заңды маңызы бар электрондық құжаттарды трансшекаралық алмасуды тестілеу болып табылады. Бұл логистиканы цифрландыру және халықаралық тасымалдау рәсімдерін жеңілдету жолындағы маңызды қадам.
Сарапшылардың пікірінше, e-CMR-ді қолдану жүкқұжаттарды өңдеу уақытын айтарлықтай: қағаз бойынша 20 минуттан астам уақыттың орнына 1 минуттан аз уақытқа қысқартады. Бұл тауардың өтуін жылдамдатып, бизнеске түсетін әкімшілік жүктемені азайтып, процестердің ашықтығын арттырады.
Жобаға уәкілетті мемлекеттік органдар, электрондық құжат айналымы операторлары, тасымалдаушылар, жүк жөнелтушілер мен алушылар қатысады.
Жобаны іске асыру үшін ЕЭК Алқасы 2025 ж. 11 наурызда арнайы жұмыс тобын құрды. А.ж. 12 мамырында өткен жұмыс тобының бірінші отырысында жобаның мерзімі, құрылымы, сондай-ақ заңдық және техникалық талаптары талқыланды. e-CMR көмегімен пилоттық тасымалдауларды бастау 2026 ж. бірінші жартыжылдығына жоспарланған.
Бүгінгі таңда жұмыс тобы келесі негізгі міндеттерді жүзеге асыруда:
— бірыңғай e-CMR форматын әзірлеу;
— трансшекаралық өткізу кезінде құжаттардың құқықтық маңыздылығын қамтамасыз ету;
— ЭҚА операторлары мен сенімді үшінші тарап арасындағы өзара әрекеттесу тәртібін анықтау.
Жұмыс тобының келесі отырысы 2025 ж. қыркүйек айында өтеді. Жалпы, жобаны жүзеге асыру ЕАЭО аясында логистика жылдам, ашық және барынша автоматтандырылған бірыңғай көлік кеңістігін қалыптастыру жолындағы маңызды қадам болмақ.
Пилоттық нәтижелер ЕЭК Кеңесіне ұсынылады және Еуразиялық экономикалық одақ шеңберінде электрондық ілеспе құжаттарды ауқымды енгізу бойынша кейінгі шешімдер үшін негіз болады.
Похожие материалы
Свежие новости
Статьи
Последние фоторепортажи
-
Profit Education Day 2026
Фоторепортаж с конференции Profit Education Day 2026, посвященной цифровизации образования в Казахстане.
-
Check Point Advantage Astana 2026
Фоторепортаж с конференции по информационной безопасности Check Point Advantage в Казахстане.
-
Profit Industry & Energy Day 2026
Фоторепортаж с конференции Profit Industry & Energy Day 2026, посвященной цифровизации промышленности и энергетики в Казахстане.
-
Profit Contact Day 2026
Фоторепортаж с конференции Profit Contact Day 2026, посвященной автоматизации контакт-центров и управлению клиентским оаытом в Казахстане.
-
Profit Retail & Finance Day 2026
Фоторепортаж с конференции Profit Retail & Finance Day 2026, посвященной цифровизации ритейла, ТРЦ, банков и финсектора в Казахстане.