Энергетика министрлігінде энергетика саласына жасанды интеллектіні енгізу жайы талқыланды

Энергетика саласына жасанды интеллект пен цифрлық технологияларды енгізу, сондай-ақ электр станцияларының цифрлық егіздерін дамыту және оларды білім беру бағдарламаларына ықпалдастыру отырыстың негізгі тақырыбы болды.

, Profit.kz
Рубрики: Qazaq IT

2026 жылғы 16 шілдеде Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінде ҚР ЭМ Қоғамдық кеңесінің төрағасы Жақып Хайрушевтің төрағалығымен Энергетика вице-министрі Бақытжан Ілиястың, Қоғамдық кеңес мүшелерінің және министрліктің құрылымдық бөлімшелері өкілдерінің қатысуымен Қоғамдық кеңес отырысы өтті.

Энергетика саласына жасанды интеллект пен цифрлық технологияларды енгізу, сондай-ақ электр станцияларының цифрлық егіздерін дамыту және оларды білім беру бағдарламаларына ықпалдастыру отырыстың негізгі тақырыбы болды.

Қатысушыларға энергетика саласында жасанды интеллектіні қолдануға бағытталған пилоттық жобалар таныстырылды. Олардың қатарында ұшқышсыз ұшу аппараттары мен жасанды интеллект технологияларын пайдалану арқылы электр беру желілеріне ақаулық диагностикасын жүргізу жобасы ұсынылды. Жоба аясында екі күн ішінде электр беру желілерінің 618 тірегі тексеріліп, 2 мыңнан астам кескін өңделіп, шамамен 6,8 мың ақау анықталды. Бұл ретте зақымдануларды тану дәлдігі 98 пайызға жетті.

Сондай-ақ акустикалық резонанс технологиясы негізінде жылу желілерінің құбырішілік роботтандырылған диагностикасы жобасы таныстырылды. Шымкент қаласында іске асырылған пилоттық жоба барысында 1,2 шақырымнан астам жылу желісі тексеріліп, жөндеу жұмыстарын жүргізуге жұмсалатын шығын 70 пайыздан аса қысқарды.

Шара қорытындысы бойынша Қазақстанның энергетика саласында цифрлық шешімдерді одан әрі дамыту және кең ауқымда енгізу жөнінде ұсыныстар әзірленді.

Подписывайтесь на каналы Profit.kz в Facebook и Telegram.

Свежие новости

Статьи

Последние фоторепортажи

  • Profit Education Day 2026

    Profit Education Day 2026

    Фоторепортаж с конференции Profit Education Day 2026, посвященной цифровизации образования в Казахстане.

  • Check Point Advantage Astana 2026

    Check Point Advantage Astana 2026

    Фоторепортаж с конференции по информационной безопасности Check Point Advantage в Казахстане.

  • Profit Industry & Energy Day 2026

    Profit Industry & Energy Day 2026

    Фоторепортаж с конференции Profit Industry & Energy Day 2026, посвященной цифровизации промышленности и энергетики в Казахстане.

  • Profit Contact Day 2026

    Profit Contact Day 2026

    Фоторепортаж с конференции Profit Contact Day 2026, посвященной автоматизации контакт-центров и управлению клиентским оаытом в Казахстане.

  • Profit Retail & Finance Day 2026

    Profit Retail & Finance Day 2026

    Фоторепортаж с конференции Profit Retail & Finance Day 2026, посвященной цифровизации ритейла, ТРЦ, банков и финсектора в Казахстане.