Қазақстан ШЫҰ аясында цифрландыру саласындағы ынтымақтастықты нығайтуда
Досжан Мұсалиев Қазақстанның ШЫҰ аясында цифрлық технологиялар саласындағы ынтымақтастықты тереңдетуге басымдық беретінін жеткізді.
ҚР Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі вице-министрі Досжан Мұсалиев 17 маусымда Қытай Халық Республикасының Шыңжаң-Ұйғыр автономиялық ауданындағы Қарамай қаласында өткен, ШЫҰ мүше мемлекеттерінің ақпараттық-коммуникациялық технологиялар (АКТ) саласындағы министрлер мен ведомстволар басшыларының IV кеңесіне қатысты.
Кеңеске Қытай, Қырғызстан, Өзбекстан, Тәжікстан, Қазақстан, Беларусь, Ресей, Пәкістан, сондай-ақ ШЫҰ бақылаушы елдері — Түркия мен Әзірбайжанның АКТ дамытуға жауапты министрлер мен ведомстволардың басшылары қатысты.
Қатысушылар АКТ саласындағы озық тәжірибелерімен бөлісіп, ШЫҰ елдерінің экономикасын цифрландырудың табысты мысалдарына тоқталды. Сондай-ақ, жиын барысында цифрлық даму мәселелері мен перспективалары, жаңа технологияларды енгізу жоспарлары талқыланды.
Одан бөлек, «цифрлық теңсіздік» мәселесіне ерекше назар аударылды. Бұл ретте мамандар цифрлық инклюзивтілік — ШЫҰ аясындағы ынтымақтастықтың маңызды бағыты екенін атап өтті.
Досжан Мұсалиев Қазақстанның ШЫҰ аясында цифрлық технологиялар саласындағы ынтымақтастықты тереңдетуге басымдық беретінін жеткізді.
«Қазақстан цифрлық инфрақұрылымды дамыту, мемлекеттік қызметтерді цифрландыру, „ақылды қала“ технологияларын енгізу, өнеркәсіп пен шағын және орта бизнесті цифрландыру, сондай-ақ киберқауіпсіздік пен цифрлық тәуелсіздікті қамтамасыз ету сияқты басым бағыттар бойынша конструктивті ынтымақтастыққа дайын», — деді вице-министр.
Кеңес қорытындысы бойынша тараптар ШЫҰ мүше мемлекеттерінің цифрлық трансформация саласындағы іс-қимыл жоспарын қабылдады.
Цифрландыру және АКТ дамуы аталған мемлекеттерге тұрғындардың өмір сүру сапасын жақсарту, экономикалық өсімді қамтамасыз ету және қауіпсіздікті арттыру сияқты маңызды міндеттерді тиімді шешуге мүмкіндік береді. Осы тұрғыда ШЫҰ аясындағы ынтымақтастық бүкіл аймақтың үйлесімді дамуы мен мүше мемлекеттер арасындағы өзара сенімді нығайту үшін маңызды болып отыр.
Айта кетерлігі, келесі кеңес Қырғыз Республикасының төрағалығымен 2026 жылдың маусым айында Бішкек қаласында өтеді.
Похожие материалы
Свежие новости
Статьи
Последние фоторепортажи
-
Profit Education Day 2026
Фоторепортаж с конференции Profit Education Day 2026, посвященной цифровизации образования в Казахстане.
-
Check Point Advantage Astana 2026
Фоторепортаж с конференции по информационной безопасности Check Point Advantage в Казахстане.
-
Profit Industry & Energy Day 2026
Фоторепортаж с конференции Profit Industry & Energy Day 2026, посвященной цифровизации промышленности и энергетики в Казахстане.
-
Profit Contact Day 2026
Фоторепортаж с конференции Profit Contact Day 2026, посвященной автоматизации контакт-центров и управлению клиентским оаытом в Казахстане.
-
Profit Retail & Finance Day 2026
Фоторепортаж с конференции Profit Retail & Finance Day 2026, посвященной цифровизации ритейла, ТРЦ, банков и финсектора в Казахстане.