Қазақстан киберқылмыспен күресу үшін халықаралық әріптестіктер орнатып жатыр

Киберқылмысқа қарсы іс-қимыл департаменті алаяқтарды анықтау мақсатында шетелдік әріптестермен белсенді қарым-қатынас орнатып, олармен тікелей байланыс және жедел ақпарат алмасу арналарын әзірледі.

, Profit.kz
Рубрики: Qazaq IT

Мысалы, ағымдағы жылдың қаңтар айында мамандар Арменияда бірлескен операция өткізіп, Еуропа мен ТМД елдерінің тұрғындарын алдап келген алаяқтар ашқан 2 колл-орталығының көзін жойды. Олар азаматтарды ірі инвестициялық жобаларға ақша салу сылтауымен алдап отырған. Бұл жайлы ҚР Ішкі істер министрлігі киберқылмысқа қарсы іс-қимыл департаментінің бастығы Жандос Сүйінбай ОКҚ баспасөз мәслихатында мәлімдеді.

Сонымен қатар Астана, Алматы қалаларында орналасқан 5 колл-орталықтың қызметі анықталып, жойылды.

«Шетелдік әріптестермен ынтымақтастықты арттыру үшін Компьютерлік қылмыстар туралы Еуропа конвенциясы мен Киберқылмысқа қарсы іс-қимыл жөніндегі Біріккен Ұлттар Ұйымының Конвенциясына қосылу бойынша шаралар қабылдануда», — деді спикер.

Сондай-ақ Жандос Сүйінбай азаматтардың құқықтық және қаржылық сауаттылығы интернет-алаяқтықтың алдын алудың ең маңызды талабы екенін атап өтті.

Ол үшін қарапайым сақтық шараларын ұстану қажет:

— жеке деректерді ешкімге бермеу;
— сілтемелер мен қосымшаларға сақтықпен қарау;
— бейтаныс қоңырауларға сенбеу, ойланып жауап беру;
— таныстардан түрлі сұрау хабарламалар келген жағдайда, оларды тексеру;
— кез келген күмәнді жағдайда банкке не полицияға хабарласу.

Подписывайтесь на каналы Profit.kz в Facebook и Telegram.

Свежие новости

Статьи

Последние фоторепортажи

  • Profit Education Day 2026

    Profit Education Day 2026

    Фоторепортаж с конференции Profit Education Day 2026, посвященной цифровизации образования в Казахстане.

  • Check Point Advantage Astana 2026

    Check Point Advantage Astana 2026

    Фоторепортаж с конференции по информационной безопасности Check Point Advantage в Казахстане.

  • Profit Industry & Energy Day 2026

    Profit Industry & Energy Day 2026

    Фоторепортаж с конференции Profit Industry & Energy Day 2026, посвященной цифровизации промышленности и энергетики в Казахстане.

  • Profit Contact Day 2026

    Profit Contact Day 2026

    Фоторепортаж с конференции Profit Contact Day 2026, посвященной автоматизации контакт-центров и управлению клиентским оаытом в Казахстане.

  • Profit Retail & Finance Day 2026

    Profit Retail & Finance Day 2026

    Фоторепортаж с конференции Profit Retail & Finance Day 2026, посвященной цифровизации ритейла, ТРЦ, банков и финсектора в Казахстане.