ОКҚ мен ҚХР Киберкеңістік әкімшілігінің өкілдері мемлекеттік коммуникациялар саласындағы ынтымақтастық мәселелерін талқылады
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі мен Қытай Халық Республикасының Киберкеңістік Әкімшілігі (CAC) арасында келіссөздер өтті.
Кездесу барысында тараптар мемлекеттік коммуникациялар саласында тәжірибе алмасу, сондай-ақ медиа саламен өзара іс-қимылдың заманауи тәсілдерін талқылады. Жалған ақпараттың таралуына қарсы іс-қимыл, ақпараттық ортаны талдау және коммуникациялық қызметте заманауи технологияларды қолдану бағыттарындағы тәжірибе алмасу мәселелеріне ерекше назар аударылды.

Сонымен қатар тараптар кәсіби және сараптамалық өзара іс-қимылды кеңейту перспективаларын қарастырды. Оның ішінде бірлескен іс-шаралар өткізу, тәжірибе алмасу және өзара қызығушылық тудыратын бағыттар бойынша халықаралық ынтымақтастықты дамыту мәселелері бар.
Келіссөздер қорытындысы бойынша Қазақстан Республикасы Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі мен Қытай Халық Республикасының Киберкеңістік әкімшілігі арасындағы байланыстарды одан әрі дамытуға және ынтымақтастықтың практикалық бағыттарын пысықтауға өзара мүдделілік расталды.