МКК салық қызметтері бойынша мәселелерге жедел әрекет ету үшін «қызыл түйме» жүйесі енгізілді
Биылғы жылдың сәуір айынан бастап кеден бекеттері мен кедендік ресімдеу орталықтарында енгізілген «қызыл түйме» механизмі кері байланысты қамтамасыз ету мен жергілікті жерлердегі проблемалық мәселелерді жедел шешу тұрғысынан жоғары тиімділігін көрсетті.
Осыған байланысты Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитеті адамға бағдарланған тәсілді кеңейтіп, салық салу саласындағы мемлекеттік қызметтердің сапасын арттыру бойынша жұмысты жалғастыруда.
![]()
Аталған мақсатта барлық мемлекеттік кірістер органдарында «қызыл түйме» — QR-код орналастырылған. Оны сканерлеу арқылы салық төлеушілер нақты проблемалық жағдайды көрсете отырып, Мемлекеттік кірістер комитетінің Төрағасына тікелей жүгіну мүмкіндігіне ие болады.
Маңызды ескерту: «қызыл түйме» тек салықтық және кедендік қызметтерді алу барысында туындайтын қиындықтар жөніндегі хабарламалар үшін арналған. Бұл механизм қызметкерлер тарапынан жіберілген теріс қылықтарды, құқықбұзушылықтарды немесе адал емес әрекеттерді анықтауға және алдын алуға бағытталған сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясаттың бір бөлігі болып табылады.
Өтініш нысаны қарапайым және интуитивті түрде түсінікті, оны бірнеше минут ішінде толтыруға болады. Қажет болған жағдайда өтінішті анонимді түрде де қалдыруға болады.
Біз азаматтармен және бизнес-қоғамдастықпен ашық әрі адал диалог орнатуға ұмтыламыз. Әрбір келіп түскен өтініш қысқа мерзімде қаралып, тиісті шаралар қабылданатын болады.
Мемлекеттік қызметтерді алу кезінде кедергілерге немесе сапасыз қызмет көрсетуге тап болған азаматтарды осы мүмкіндікті пайдалануға шақырамыз.
Сіздің дауысыңыз салықтық және кедендік әкімшілендіру жүйесінің тиімді, ашық және клиентке бағдарланған болуына ықпал ететін маңызды құрал. Мемлекет пен қоғамның бірлескен күш-жігері ғана қызмет көрсету сапасын арттырып, сенім деңгейін көтере алады.
Похожие материалы
Свежие новости
Статьи
Последние фоторепортажи
-
Profit Education Day 2026
Фоторепортаж с конференции Profit Education Day 2026, посвященной цифровизации образования в Казахстане.
-
Check Point Advantage Astana 2026
Фоторепортаж с конференции по информационной безопасности Check Point Advantage в Казахстане.
-
Profit Industry & Energy Day 2026
Фоторепортаж с конференции Profit Industry & Energy Day 2026, посвященной цифровизации промышленности и энергетики в Казахстане.
-
Profit Contact Day 2026
Фоторепортаж с конференции Profit Contact Day 2026, посвященной автоматизации контакт-центров и управлению клиентским оаытом в Казахстане.
-
Profit Retail & Finance Day 2026
Фоторепортаж с конференции Profit Retail & Finance Day 2026, посвященной цифровизации ритейла, ТРЦ, банков и финсектора в Казахстане.