Қазақстандық ойын енді PlayStation, Xbox және ПК платформаларында жарыққа шығады

Rhinotales Studio — Astana Hub резиденті Critical Shift ойынын таныстырды.

, Profit.kz

Бұл — кезең-кезеңімен жүретін тактикалық RPG триллері, жаһандық аудиторияға арналған жоба. Ойын биыл PC (Steam), Xbox және PlayStation-де қолжетімді болады. Ойыншылар беделді агенттер тобын басқарып, Арктика мұзының астында орналасқан құпия зерттеу кешеніне аттанады. Мақсат — қауіпті құпияларды ашу, ішкі қайшылықтарды еңсеру және төніп тұратын қатер жағдайында аман қалу.

Әзірлеушілер кездейсоқ құбылыс болмайтынын атап өтті, нәтижеге тек ойыншының стратегиясы, жоспары мен шешімдері әсер етеді. Critical Shift ойынында қолмен жасалған 30-дан астам деңгей бар. Әр деңгей ерекше биомдар, бірнеше бағыт, тұзақтар мен бір-бірімен бақталас фракцияларды айламен пайдалану мүмкіндіктерін қамтиды.

«Critical Shift жобасына бес жылдан астам уақыт жұмсадық. Қазір команда құрамында 30 адам бар: суретшілер, геймдизайнерлер, сценаристер мен бағдарламашылар. Бұл Қазақстанда жасалған ең ірі медиажобалардың бірі деп есептейміз. Негізгі аудиториямыз — АҚШ, Еуропа және Қытай. Бұл нарықтарда бізде тәжірибе бар. Анонс 21 мамырда өтті. Алғашқы кезеңнен-ақ жылы пікірлер алдық. Трейлер алдымен IGN China платформасында эксклюзив ретінде шықты, кейін оны әлемдік жетекші ойын медиалары жариялады. Индустриядағы ең беделді басылымдардың бірі — IGN USA трейлерді өз арнасында орналастырды. Сондай-ақ OTK Games Expo 2025-ке қатысып, бейне миллиондаған көрермені бар американдық блогерлердің шоуында көрсетілді. Мұның бәрі даму жолындағы маңызды қадам және шабыт сыйлайтын қуатты серпін», — деді Rhinotales Studio негізін қалаушылардың бірі Артём Слесаренко.

Ойын сценариінің авторы — Guilty Three. Ол Shadow Slave атты веб-романымен оқырманға танылған. Бұл шығарма Webnovel платформасында ең көп оқылатын фантастикалық туындылардың қатарында және жиі әлемдік рейтингтерге енеді. Автор романдағы мазасыз атмосфера мен ішкі шиеленісті Critical Shift ойынына шебер түрде енгізіп, миллиондаған оқырманға таныс сезімдерді сақтап қалды. Ойынның оқиғасы миссиялар, диалогтар және ойыншы таңдауына негізделіп біртіндеп өрбиді.

Critical Shift — қазақстандық командалардың жергілікті шеңберден шығып, жаһандық аудиторияға арналған сапалы өнімдер жасап жатқанын айшықтайтын жарқын мысал. Мұндай жобалар отандық ойын индустриясының әлеуетін айқындайды және елдегі технологиялық экожүйенің даму деңгейін көрсетеді.

Подписывайтесь на каналы Profit.kz в Facebook и Telegram.

Похожие материалы

Свежие новости

Статьи

Последние фоторепортажи

  • Profit Education Day 2026

    Profit Education Day 2026

    Фоторепортаж с конференции Profit Education Day 2026, посвященной цифровизации образования в Казахстане.

  • Check Point Advantage Astana 2026

    Check Point Advantage Astana 2026

    Фоторепортаж с конференции по информационной безопасности Check Point Advantage в Казахстане.

  • Profit Industry & Energy Day 2026

    Profit Industry & Energy Day 2026

    Фоторепортаж с конференции Profit Industry & Energy Day 2026, посвященной цифровизации промышленности и энергетики в Казахстане.

  • Profit Contact Day 2026

    Profit Contact Day 2026

    Фоторепортаж с конференции Profit Contact Day 2026, посвященной автоматизации контакт-центров и управлению клиентским оаытом в Казахстане.

  • Profit Retail & Finance Day 2026

    Profit Retail & Finance Day 2026

    Фоторепортаж с конференции Profit Retail & Finance Day 2026, посвященной цифровизации ритейла, ТРЦ, банков и финсектора в Казахстане.