Dealroom.co платформасында 390-нан астам қазақстандық стартап тіркелді

Қазақстан Орталық Азия елдері арасында алғашқы болып халықаралық Dealroom.co платформасында өз стартап-экожүйесін ресми түрде таныстырды.

, Profit.kz
Рубрики: Qazaq IT

Бұл — стартаптар мен инвестициялар туралы мәліметтерді жинақтайтын әлемдегі жетекші дереккөздердің бірі. Қазіргі таңда онда жасанды интеллект, финтех, білім беру, денсаулық сақтау, агротехнология және киберқауіпсіздік салаларында жұмыс істейтін 393 қазақстандық жоба тіркелген.

«Қазақстандық стартаптардың Dealroom платформасына шығуы олардың шетелдік нарықта кеңінен танылуына жол ашты», — деді Ескендір Әмірхан, Astana Hub халықаралық байланыстар және инвестициялар офисінің директоры. — Бүгінде АҚШ, Германия, Ұлыбритания, Нидерланд, Түркия және Сингапурды қоса алғанда, 40-тан астам елдің инвесторлары мен сарапшыларынан тұрақты қызығушылық байқалып отыр. Қазақстандық жобалар Амстердам, Лондон, Берлин, Стамбул және Калифорния сынды жетекші технологиялық хабтардың назарында. Dealroom платформасында жүздеген Astana Hub резиденттері ұсынылып, 200-ден астам инвестициялық раунд тіркелген. Бұл — Қазақстанның стартап-экожүйесі жаһандық инновациялық кеңістіктің толыққанды бөлігіне айналып келе жатқанын айқын көрсетеді».

Dealroom.co венчурлік қорлар, акселераторлар мен технологиялық компаниялар үшін pre-seed кезеңіндегі командалардан бастап, экспорттық әлеуеті жоғары жетілген стартаптар жөнінде құрылымды ақпарат ұсынады. Жүйе команда құрамы, қаржыландыру кезеңдері, қызмет салалары мен өсу динамикасы бойынша жан-жақты деректерді біріктіріп, сауатты әрі тиімді инвестициялық шешім қабылдауға мүмкіндік береді.

2013 жылы Амстердамда негізі қаланған Dealroom.co бүгінде бүкіл әлем бойынша 2 миллионнан астам компанияны біріктіреді. Платформа үкіметтер, ірі корпорациялар, қорлар мен зерттеу орталықтары арасында кеңінен қолданылады. Серіктестерінің қатарында Google, Deloitte және тағы басқа 30-дан астам ел ұйымдары бар.

Еске сала кетейік, қазақстандық дашбордтың Dealroom.co платформасындағы ресми тұсаукесері Digital Almaty 2025 форумында өтті. Платформа негізін қалаушысы Йорам Вийнгаарде өз сөзінде Қазақстанды өңірдегі ең жылдам дамып келе жатқан стартап-экожүйелердің бірі ретінде атап өтіп, елдің жаһандық цифрлық трансформация үдерісінде маңызды рөл атқаруға толық әлеуеті бар екенін жеткізді.

Подписывайтесь на каналы Profit.kz в Facebook и Telegram.

Свежие новости

Статьи

Последние фоторепортажи

  • Profit Education Day 2026

    Profit Education Day 2026

    Фоторепортаж с конференции Profit Education Day 2026, посвященной цифровизации образования в Казахстане.

  • Check Point Advantage Astana 2026

    Check Point Advantage Astana 2026

    Фоторепортаж с конференции по информационной безопасности Check Point Advantage в Казахстане.

  • Profit Industry & Energy Day 2026

    Profit Industry & Energy Day 2026

    Фоторепортаж с конференции Profit Industry & Energy Day 2026, посвященной цифровизации промышленности и энергетики в Казахстане.

  • Profit Contact Day 2026

    Profit Contact Day 2026

    Фоторепортаж с конференции Profit Contact Day 2026, посвященной автоматизации контакт-центров и управлению клиентским оаытом в Казахстане.

  • Profit Retail & Finance Day 2026

    Profit Retail & Finance Day 2026

    Фоторепортаж с конференции Profit Retail & Finance Day 2026, посвященной цифровизации ритейла, ТРЦ, банков и финсектора в Казахстане.