Қазақстанда жеке тұлғалардың смартфондарын сәйкестендіру мерзімі 25 маусымға дейін ұзартылды

2025 жылғы 25 наурызда ұялы байланыстың абоненттік құрылғыларын тіркеу қағидаларына енгізілген өзгерістер күшіне енді.

, Profit.kz
Рубрики: Qazaq IT

Тиісінше, 25 наурызға дейін елге әкелінген және азаматтар қолданып жүрген барлық смартфондар қосымша сәйкестендіруді қажет етпейді. Олар сәйкестендірілген болып саналады және автоматты түрде «ақ» тізімге енді. Бұл туралы ОКҚ алаңында ҚР ЦДИАӨМ Телекоммуникациялар комитетінің төрағасы Дамир Сейсембеков мәлімдеді.

25 мамырдан бастап заңды тұлғалар, оның ішінде импорттаушылар, брендтердің ресми өкілдері, сондай-ақ уәкілетті сервистік орталықтар үшін абоненттік құрылғыларды әкелу және/немесе жөндеу туралы мәліметтерді міндетті түрде верификациялау енгізіледі. Жеке тұлғалар — Қазақстан Республикасының азаматтары үшін құрылғыларды сәйкестендіру мүмкіндігі 25 маусымға дейін қарастырылған.

«Егер сіз жеке тұлға болсаңыз, телефонды сәуір немесе ақпан айларында сатып алсаңыз, бірақ оны қосуға үлгермесеңіз, онда бұл телефонды (әрбір жеке тұлға 2 құрылғыдан) порталға кіріп, оны тегін сәйкестендіре аласыз. 25 маусымға дейін жеке тұлғалар үшін Бұйрықты қолдану мерзімі ұзартылды», — деді ҚР ЦДИАӨМ Телекоммуникацияла комитетінің төрағасы.

Бұл ретте ведомство өкілі 25 маусымға дейін телефонды сәйкестендірмеудің салдары туралы айтып берді.

«Ережеге сәйкес, егер сим-карта салынған телефон сәйкестендірілмесе, онда телефонның верификациядан өтпегені туралы смс келеді және ол „сұр“ тізімге түседі. Тиісінше, оны 30 күннің ішінде „ақ“ тізімге ауыстыру мүмкіндігі болады. Егер оны мемлекеттік шекара арқылы өзіңіз әкелген болсаңыз, онда шекарадан өткеніңізді көрсете отырып, оны сәйкестендіруге болады. Немесе осы техниканы сатқан жерге хабарласып, оны қайтарып беріңіз. Сондай-ақ 30 күн бойы телефонды пайдалана аласыз, ешқандай қызметтер шектелмейді, бірақ телефоныңыз „сұр“ тізімде деген смс келіп тұрады», — деді Дамир Сейсембеков.

ЦДИАӨМ өкілінің айтуынша, 30 күннен кейін телефон қара тізімге енгізіледі, бұғатталмайды, бірақ ұялы байланыс желілерінде жұмыс істемейді.

Верификация Kz-imei.kz порталы арқылы жүзеге асырылады.

Подписывайтесь на каналы Profit.kz в Facebook и Telegram.

Свежие новости

Статьи

Последние фоторепортажи

  • Profit Education Day 2026

    Profit Education Day 2026

    Фоторепортаж с конференции Profit Education Day 2026, посвященной цифровизации образования в Казахстане.

  • Check Point Advantage Astana 2026

    Check Point Advantage Astana 2026

    Фоторепортаж с конференции по информационной безопасности Check Point Advantage в Казахстане.

  • Profit Industry & Energy Day 2026

    Profit Industry & Energy Day 2026

    Фоторепортаж с конференции Profit Industry & Energy Day 2026, посвященной цифровизации промышленности и энергетики в Казахстане.

  • Profit Contact Day 2026

    Profit Contact Day 2026

    Фоторепортаж с конференции Profit Contact Day 2026, посвященной автоматизации контакт-центров и управлению клиентским оаытом в Казахстане.

  • Profit Retail & Finance Day 2026

    Profit Retail & Finance Day 2026

    Фоторепортаж с конференции Profit Retail & Finance Day 2026, посвященной цифровизации ритейла, ТРЦ, банков и финсектора в Казахстане.