Еліміздегі шәкіртақы төлеу процесінің ашықтығын арттыру
Мемлекеттік шәкіртақы төлемдері — студенттерді қолдаудың маңызды құралы, бұл олардың қаржылық шығындарын ішінара жабуға және оқуына көңіл бөлуіне көмектеседі.
Соңғы жылдары оқу орындарының студенттеріне материалдық қолдауды күшейту бағытында үлкен қадам жасалды, бұл білім берудің қолжетімділігін арттыру және академиялық жетістіктерді ынталандыру жөніндегі мемлекеттік саясаттың маңызды бөлігі саналады.
Осылайша, 2020 жылдан бері оқу озаттарына, сондай-ақ әлеуметтік осал санатты студенттерге: жетім балалар мен мүгедектігі бар жандарға мемлекеттік стипендиялардың көлемі екі есе артып, қосымша төлемдер қарастырылған.
2022 жылдан бастап ҚР «Білім туралы» Заңына сәйкес шәкіртақы төлеу міндеті «Қаржы орталығы» акционерлік қоғамына тапсырылды. Алайда, Ғылым және жоғары білім министрлігінің бизнес-процестерін автоматтандыру нәтижесінде жоғары және жоғары білімнен кейінгі оқу орындарында стипендия төлеу процесін толығымен орталықтандыру тек 2024 жылы енгізілді, бұл жүйенің ашықтығы мен тиімділігін едәуір арттырды.
Функциялардың «Қаржы орталығы» акционерлік қоғамына берілуі стипендияларды әкімшілендірудің бірыңғай тәсілін енгізуге, еңбек шығындарын оңтайландыруға және жалпы ашықтықты жақсартуға ықпал етті. Қаражаттың мақсатсыз жұмсалу тәуекелдерін барынша азайту үшін студенттердің деректері бірнеше мемлекеттік деректер базасында тексеріледі.
Қазіргі таңда 88-ден астам жоғары оқу орнында шәкіртақы уақтылы төленіп, ай сайын 200 мыңнан астам студент қамтылған. Қаражат студенттердің екінші деңгейлі банктерде ашылған ағымдағы банктік шоттарына немесе ұлттық пошта операторы арқылы аударылады. Барлық төлем белгіленген ережелерге сәйкес айдың соңына дейін төленеді.
Похожие материалы
Свежие новости
Статьи
Последние фоторепортажи
-
Profit Education Day 2026
Фоторепортаж с конференции Profit Education Day 2026, посвященной цифровизации образования в Казахстане.
-
Check Point Advantage Astana 2026
Фоторепортаж с конференции по информационной безопасности Check Point Advantage в Казахстане.
-
Profit Industry & Energy Day 2026
Фоторепортаж с конференции Profit Industry & Energy Day 2026, посвященной цифровизации промышленности и энергетики в Казахстане.
-
Profit Contact Day 2026
Фоторепортаж с конференции Profit Contact Day 2026, посвященной автоматизации контакт-центров и управлению клиентским оаытом в Казахстане.
-
Profit Retail & Finance Day 2026
Фоторепортаж с конференции Profit Retail & Finance Day 2026, посвященной цифровизации ритейла, ТРЦ, банков и финсектора в Казахстане.