Электронды цифрлық атқарушылық жазбалар: қазақстандықтарға қандай мүмкіндіктер беріледі

Елімізде «Digital Justice» жобалар портфелі шеңберінде азаматтардың қаржылық шығынын және уақытын үнемдеу, қызметтердің сапасы мен қолжетімділігін арттыру үшін негізгі қызметтерді цифрландыру бойынша бірқатар шаралар қабылданды.

, Profit.kz
Рубрики: Qazaq IT

Солардың бірі — «Атқарушылық жазбаны цифрландыру» жобасы. Борышкерден ақшаны немесе мүлікті өндіріп алу үшін нотариус арнайы белгі — атқарушы жазба жасайды. Жаңашылдыққа сәйкес, қарыз немесе жалдау шарты болған кезде, нотариалды куәландырылған немесе нотариалды атқарушы жазба туралы ескертпемен өндіріп алушы сотқа бармай-ақ, сот орындаушысына тікелей жүгіне алады. Бұл уақытты үнемдейді және қаражатты өндіріп алу процедурасын жеңілдетеді. Бұл жайында ҚР ӘМ ресми өкілі Талғат Уәли ОКҚ баспасөз конференциясында айтты.

Бұрын нотариустар атқарушылық жазбаны қағаз түрінде беріп келген. Оны алу үшін нотариусқа жеке жүгіну керек болды және құжаттардың түпнұсқаларын ұсыну және атқарушылық жазбаның қағаз нұсқасын алу қажет болған. Тек содан кейін ғана сот орындаушысына ұсынылатын.

«Қазіргі уақытта нотариаттық қызметтерді цифрландыру шеңберінде атқарушылық жазба электрондық форматта ресімделеді және мұндай құжатта нотариустың электрондық цифрлық қолтаңбасы болады, яғни қағаздағыдай заңды күші бар. Нотариаттық жазбаларды орындаудың цифрлық жобасы ашықтықты, барлық іс-әрекеттерді тіркеуді және тараптардың құқықтарын қорғауды қамтамасыз етеді. Жеке кабинет құрылды. Ол арқылы борышкердің хабарлама және қарсылық жолдауға мүмкіндігі бар. Негізделген қарсылықтар болған кезде нотариус атқарушылық жазбаның күшін жоюға міндетті. Яғни дауласушы тараптардың бірі өндірілуге тиіс сомамен келіспеуі мүмкін, бұл жағдайда іс даулы деп танылады да қайта қаралады», — деді спикер.

Бұл жоба азаматтар тарапынан оң баға алуда. Осы жылдың 31 наурызынан бастап 32 мыңнан астам атқарушылық жазбаның күші жойылды. Бұл азаматтардың құқықтарын қалпына келтірудегі және теріс пайдалануды жоюдағы маңызды қадамдардың бірі болды. Бұл процедураны цифрландыру жүйелік тәуекелдерді жоюға ғана емес, сонымен қатар жүйенің өзін әділ, ашық және процестің барлық қатысушысының құқықтарын қорғауға мүмкіндік берді.

Подписывайтесь на каналы Profit.kz в Facebook и Telegram.

Свежие новости

Статьи

Последние фоторепортажи

  • Profit Education Day 2026

    Profit Education Day 2026

    Фоторепортаж с конференции Profit Education Day 2026, посвященной цифровизации образования в Казахстане.

  • Check Point Advantage Astana 2026

    Check Point Advantage Astana 2026

    Фоторепортаж с конференции по информационной безопасности Check Point Advantage в Казахстане.

  • Profit Industry & Energy Day 2026

    Profit Industry & Energy Day 2026

    Фоторепортаж с конференции Profit Industry & Energy Day 2026, посвященной цифровизации промышленности и энергетики в Казахстане.

  • Profit Contact Day 2026

    Profit Contact Day 2026

    Фоторепортаж с конференции Profit Contact Day 2026, посвященной автоматизации контакт-центров и управлению клиентским оаытом в Казахстане.

  • Profit Retail & Finance Day 2026

    Profit Retail & Finance Day 2026

    Фоторепортаж с конференции Profit Retail & Finance Day 2026, посвященной цифровизации ритейла, ТРЦ, банков и финсектора в Казахстане.