Елімізде сот сараптамасы кезінде виртуалды аутопсия қолданылмақ
Сот сараптамасы саласындағы технологияның дамуы жағдайында виртуалды аутопсияны қолдану мүмкіндігі пайда болады. ҚР Әділет министрлігінің ресми өкілі Талғат Уәли ОКҚ алаңында осылай деді.
Виртуалды аутопсия (виртопсия) — бұл дененің егжей-тегжейлі проекциясын алу үшін КТ сканері арқылы адамның инвазивті емес аутопсиялары орындалатын жаңа медициналық технология. Құқық қорғау органдарының мәйітті сот — медициналық сараптау кезінде сарапшылардың алдына қоятын негізгі міндеті өлімнің себебін анықтау. Зерттеу енгізілетін болса кей жағдайларда мәйіттерді кесудің қажеттілігі болмайды. Ашық дереккөздерге сәйкес виртуалды аутопсия әдісі белгілі бір дәрежеде Швейцарияда, Ұлыбританияда, АҚШ-та, Үндістанда, Жапонияда, Швецияда, Норвегияда, Түркияда, Сауд Арабиясында, Ресейде қолданылады.
«Виртуалды аутопсия әдісін енгізудің мақсаты заманауи технологияларды енгізу арқылы сот-медициналық зерттеулер процесін оңтайландыру. Мәйітті зерттеудің дәстүрлі инвазивті әдісі дененің 3 қуысын: кеуде, іш және бас сүйегін ашуды қамтиды. Бұл жағдайда өлімнің себебін анықтау үшін ми, жүрек, өкпе, бауыр, асқазан және басқа мүшелер зерттеледі. Қазіргі уақытта жоспар бойынша әдістің тиімділігін алдын ала талдау, оның ішінде виртуалды аутопсия әдісін пайдалана отырып, зерттелетін өлім-жітімнің санаты мен шектеулерін анықтау үшін елдің бір өңірінде пилоттық жобаны енгізу мүмкіндігі қарастырылуда», — деді спикер.
Похожие материалы
Свежие новости
Статьи
Последние фоторепортажи
-
Profit Education Day 2026
Фоторепортаж с конференции Profit Education Day 2026, посвященной цифровизации образования в Казахстане.
-
Check Point Advantage Astana 2026
Фоторепортаж с конференции по информационной безопасности Check Point Advantage в Казахстане.
-
Profit Industry & Energy Day 2026
Фоторепортаж с конференции Profit Industry & Energy Day 2026, посвященной цифровизации промышленности и энергетики в Казахстане.
-
Profit Contact Day 2026
Фоторепортаж с конференции Profit Contact Day 2026, посвященной автоматизации контакт-центров и управлению клиентским оаытом в Казахстане.
-
Profit Retail & Finance Day 2026
Фоторепортаж с конференции Profit Retail & Finance Day 2026, посвященной цифровизации ритейла, ТРЦ, банков и финсектора в Казахстане.