Жаслан Мәдиев жұмыс сапарымен Қызылорда облысына барды

Қазақстан Республикасы Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі Жаслан Мәдиев жұмыс сапары аясында Қызылорда облысына барды.

, Profit.kz
Рубрики: Qazaq IT

Сапардың негізгі мақсаты — өңірдегі цифрландырудың барысымен танысу, IT-инициативаларды қолдау және аэроғарыш саласының мәселелерін талқылау. Сапардың бірінші күні министр Байқоңыр ғарыш айлағына барып, «Бәйтерек» жобасын іске асыру және оны іске қосуға дайындық мәселелері бойынша кеңес өткізді. Кездесу барысында жобаның ағымдағы мәртебесі, дайындықтың негізгі кезеңдері және 2025 жылға арналған жоспарлар талқыланды.

Сондай-ақ, Жаслан Мәдиев жергілікті әкімдік өкілдерімен кездесу өткізді. Онда қаланың әлеуметтік-экономикалық дамуы және ғарыш айлағының 70 жылдығына дайындық мәселелері қаралды.

Ерекше назар халыққа қызмет көрсету орталығына (СуперЦОН) аударылды. Аталған орталықта бір тоқсан ішінде серіктестермен бірге 3 095 қызмет көрсетілген. Естеріңізге сала кетейік, мемлекеттік және сервистік қызмет көрсету орталығы «СуперЦОН» — бұл азаматтарға мемлекеттік және әлеуметтік қызметтерді ұсыну процесін едәуір жақсартуға бағытталған инновациялық орталық. Оның мақсаты — азаматтар көптеген қызмет түрлерін бір жерде ала алатын көпфункционалды инфрақұрылым құру.

2024 жылы орталық көрсетілген қызметтер саны, қызмет көрсету сапасын арттыру және инновациялық шешімдерді енгізу бойынша жақсы нәтижелерге қол жеткізді.

Орталық 11 фронт-офисті, 19 бэк-офисті, арнайы ЦОН-ды және халыққа қызмет көрсетуге қолжетімділікті қамтамасыз ететін бірнеше бөлімшені қамтиды. Жыл басынан бері орталық әлеуметтік қамтамасыз ету, жылжымайтын мүлікті тіркеу, техникалық қызмет көрсету, құжаттар мен анықтамаларды беру сияқты бағыттар бойынша 480 мыңнан астам қызмет көрсетті.

СуперЦОН жұмысы өз тиімділігін дәлелдеді. Азаматтардан түскен шағымдар деңгейі бір жылда 48%-ға төмендеді. Жер жобасын рәсімдеу мерзімі 45 күннен 3 жұмыс күніне дейін қысқарды, ал қайталама куәліктерді беру уақыты небары 30 минутты құрайды. Құжаттарды тез рәсімдеуге және жылжымайтын мүлік құқықтарын тіркеуге мүмкіндік беретін «Жасыл дәліз» жобасы іске қосылды, бұл азаматтардың уақытын және шығындарын айтарлықтай қысқартты. Сонымен қатар, СуперЦОН-да электрондық құжат айналымына көшу жүзеге асырылды. Бұл жұмыс процесін оңтайландырып, қағаз, кеңсе тауарлары және көлік шығындарын азайтуға мүмкіндік берді.

Министр сондай-ақ орталық инфрақұрылымын жетілдіру және мемлекеттік органдар мен жеке тұлғалармен өзара әрекеттесуді жеделдету үшін ақпараттық жүйелерді интеграциялау жоспарларымен танысты.

Осыдан кейін Жаслан Мәдиев азаматтарды жеке қабылдап, мемлекеттік қызметтерді цифрландыруға қатысты сұрақтар мен ұсыныстарды тыңдады.

Подписывайтесь на каналы Profit.kz в Facebook и Telegram.

Свежие новости

Статьи

Последние фоторепортажи

  • Profit Education Day 2026

    Profit Education Day 2026

    Фоторепортаж с конференции Profit Education Day 2026, посвященной цифровизации образования в Казахстане.

  • Check Point Advantage Astana 2026

    Check Point Advantage Astana 2026

    Фоторепортаж с конференции по информационной безопасности Check Point Advantage в Казахстане.

  • Profit Industry & Energy Day 2026

    Profit Industry & Energy Day 2026

    Фоторепортаж с конференции Profit Industry & Energy Day 2026, посвященной цифровизации промышленности и энергетики в Казахстане.

  • Profit Contact Day 2026

    Profit Contact Day 2026

    Фоторепортаж с конференции Profit Contact Day 2026, посвященной автоматизации контакт-центров и управлению клиентским оаытом в Казахстане.

  • Profit Retail & Finance Day 2026

    Profit Retail & Finance Day 2026

    Фоторепортаж с конференции Profit Retail & Finance Day 2026, посвященной цифровизации ритейла, ТРЦ, банков и финсектора в Казахстане.