Kazakh Invest, Инвестициялар комитеті және «Бәйтерек» инвестициялық портфельді қалыптастыру мен цифрлық трансформацияны үйлестіруде
Астанада Ұлттық цифрлық инвестициялық платформаны жаңғырту және инвесторларды сүйемелдеудің бірыңғай архитектурасын қалыптастыру мәселелері талқыланды.
Ұлттық цифрлық инвестициялық платформада өзекті және сенімді инвестициялық жобалар пулын қалыптастыру аясында «Атамекен» ҰКП, «Самұрық-Қазына» АҚ басшылығының, Бас прокуратураның Инвесторлардың құқықтарын қорғау жөніндегі комитеті өкілдерінің, сондай-ақ ҚР СІМ Инвестициялар комитетінің төрағасы Ғабидулла Оспанқұловтың, «Kazakh Invest» ҰК» АҚ басқарма төрағасы Сұлтанғали Кінжақұловтың, «Бәйтерек» ҰИХ» АҚ басқарма төрағасы Рустам Қарағойшиннің және салалық бөлімшелер басшыларының қатысуымен жұмыс кездесуі өтті.
Кездесу барысында жобаларды формалды есепке алудан инвестицияға дайын, құрылымдалған портфель қалыптастыруға көшу тетіктері талқыланды. Жобаларды қосымша верификациялау, қайталануды жою және олардың дайындық деңгейін бағалаудың ашық жүйесін енгізу қажеттігі атап өтілді.
Тараптар НЦИП-ті инвесторға бағытталған толыққанды цифрлық платформаға айналдыру туралы уағдаласты. Жобаның цифрлық профилін енгізу және мемлекеттік қолдау мен қаржыландыру мәртебесін барлық кезеңде сквозной мониторингтеу қарастырылуда.
Экономикалық саясаттың стратегиялық міндеттеріне және салалық басымдықтарға сәйкес келетін жобалардың басым тізбесін қалыптастыру мәселесіне ерекше назар аударылды.
Сондай-ақ институттар арасындағы бірыңғай цифрлық өзара іс-қимыл контурын құру, деректерді синхрондау және қаржылық құралдарды үйлестіру мәселелері қаралды.
«Бәйтерек» ҰИХ» АҚ басқарма төрағасы Рустам Қарағойшин Инвестициялар комитеті мен «Kazakh Invest» командалары үшін инвестициялық банкинг және қаржылық талдау негіздері бойынша арнайы оқыту ұйымдастыруға дайын екенін растады.
Ұйымдастырушылық шешімдердің бірі ретінде институттардың инвесторлармен бірлескен жұмысына арналған бірыңғай Investment House кеңістігін құру бастамасы талқыланды. Бұл формат әкімшілік кедергілерді азайтып, «бір терезе» қағидатын іс жүзінде іске асыруға мүмкіндік береді.
Кездесу қорытындысы бойынша тараптар НЦИП-тегі деректердің толықтығы мен дұрыстығын қамтамасыз етуге, ақпаратты синхрондауға және инвесторларды сүйемелдеудің бірыңғай цифрлық архитектурасын қалыптастыруға дайын екендіктерін растады.
Қабылданған келісімдер Қазақстанның инвестициялық портфелін тиімді басқаруға және нәтижеге бағытталған ашық инвестициялық экожүйе қалыптастыруға бағытталған.