Следите за новостями

Цифра дня

40 тысяч врачебных онлайн-консультаций получили казахстанцы в 2025 году

    Қазақстанда мемлекеттік функциялар тізілімін цифрландыру жүргізілуде

    Қаржы министрлігі функцияларды іске асыруға жұмсалатын шығыстардың тиімділігін талдайды.

    22 января 2026 09:05, Profit.kz
    Рубрики: Qazaq IT

    Жасанды интеллект және цифрлық даму вице-министрі Ростислав Коняшкин Үкімет отырысында Мемлекет басшысының Ұлттық құрылтайдың V отырысында мемлекеттік аппаратты ауқымды цифрлық жаңғырту жөніндегі тапсырмаларын орындау бойынша жүргізіліп жатқан жұмыстар туралы баяндады. Ол елімізде мемлекеттік функциялар тізілімін цифрландыру жүргізіліп жатқанын атап өтті. Жасанды интеллект көмегімен функционалды талдау жүзеге асырылады, деп хабарлайды UKIMET телеграм арнасы.

    «Қаржы министрлігі функцияларды іске асыруға жұмсалатын шығыстардың тиімділігін талдайды. Ұлттық экономика министрлігі _ функцияларды оңтайландыруды және индикаторларға қол жеткізуді ескере отырып, оларға басымдық беруді жүргізеді», — деді Ростистлав Коняшкин.

    Сондай-ақ Qaztech платформасында мемлекеттік функцияларды реинжиниринг және цифрландыру жүргізіліп жатыр.

    Нәтижесінде: шығындарды оңтайландыру; сандық тиімділік мониторингі; қызмет көрсету сапасы мен жылдамдығы артады.

    Подписывайтесь на каналы Profit.kz в Facebook и Telegram.