Следите за новостями

Цифра дня

До 18,5% доведут долю e-commerce в общем объеме розничной торговли

    Алисамен әңгімелесетіндер бір жылда 3 есеге көбейді

    Yandex Qazaqstan-ның Алиса ЖИ-ассистентімен қазақ тілінде сөйлесетін пайдаланушылар саны белсенді түрде артып келеді.

    3 декабря 2025 13:04, Profit.kz
    Рубрики: Qazaq IT

    Өткен бір жыл ішінде Алисаға ақылды колонкалар мен браузер арқылы қазақ тілінде жолданған жалпы сұраныстар саны 22%-ға артты. Айта кету керек, 2025 жылдың үшінші тоқсанында ақылды колонкалардағы Алиса бір жыл бұрынғы дәл осы кезеңмен салыстырғанда 3,6 есе көп жауапты қазақ тілінде берген.

    Жеке деректерсіз алынған мәліметтер бойынша, ақылды колонкаларда қазақ тілін қолдау іске қосылғаннан бері Алисаны пайдаланғандар арасында қазақ тіліндегі жауаптардың үштен бірінен астамы еркін әңгімеге болды. Екінші орында — аудиоконтент — бұл 27%-ға жуық. Музыкадан бөлек, Алиса 330 мыңға тарта радионы және 100 мыңға жуық балаларға арналған қазақша ертегілерді қосып беріпті. Сондай-ақ, Алиса пайдаланушыларды жаңа музыкамен үнемі таныстырып отырады: ол күніне орта есеппен бір жарым мың рет қазір ойнап тұрған туындының атауын айтып береді.

    Пайдаланушылар Алисаны күнделікті жұмыста көмекші ретінде де белсенді қолданады. Сондықтан, нақты сұрақтарға жауап беру және ақпарат іздеу бойынша үшінші орында тұр. Мұндай жағдайларда Алиса қоршаған әлемді түсінуге көмектеседі, фактілерді тексереді және терминдердің мағынасын айтып береді. Мысалы, ол оқу тапсырмаларына көмектеседі немесе интернеттен тағам дайындаудың жолдарын тауып береді.

    Қазақ тілді ТОП-5 сұраныстың тізімінде белгілі бір орынды іздеу және уақытты басқару да бар. Мәселен, Алиса қай мейрамханаға баруға болатынын, ең жақын азық-түлік дүкені немесе дәріхана қайда орналасқанын айтып бере алады. Одан өзге, ЖИ-ассистенті оятқыштар, таймерлер және еске салатын көмекшілер арқылы күнді жоспарлауға және маңызды істерді естен шығармауға септігін тигіезді.

    «Біз қазақ тіліндегі Алисаның пайдаланушылар өмірінің үйреншікті бөлігіне айналғанына қуаныштымыз. Ол музыкамен көңілімізді көтерсе, балаларға ертегі айтып, тіпті маңызды тұрмыстық және білім алу жағынан да көмектеседі. Сонымен қатар, Алиса пайдаланушының дауысы мен не қалап тұрғанын есте сақтайды. Осының барлығының ана тілімізде қолжетімді болып, күнделікті өмір салтымыздың бір бөлшегі болғаны біз үшін маңызды», — деп атап өтті Yandex Qazaqstan басшысы Тимур Шалекенов.

    Алиса ЖИ-ассистенті бар станцияларды Технодом, Мечта, Sulpak дүкендерінен, сондай-ақ Алисаның ресми дүкенінен онлайн және офлайн сатып алуға болады.

    Подписывайтесь на каналы Profit.kz в Facebook и Telegram.