Следите за новостями

Цифра дня

7% — доля объектов ВИЭ в выработке электроэнергии в РК

    Қазақстан Honeywell компаниясына өз аумағында аймақтық хаб құруды ұсынды

    Вице-премьер – ұлттық экономика министрі Жұманғарин мен Президент әкімшілігі басшысының орынбасары Досаев Вашингтонда америкалық Honeywell компаниясының аға вице-президенті Стейси Бернардспен кездесті.

    15 октября 2025 13:35, Profit.kz
    Рубрики: Qazaq IT

    Қазақстандық тарап өзара ынтымақтастықтағы оң серпінді атап өтіп, Honeywell-ге Қазақстанмен мүдделі ұзақмерзімді әріптестікке деген ниеті үшін алғыс білдірді. Аэроғарыштық технология, өнеркәсіптік автоматтандыру мен жаңа материалдар жасау саласында әлемдік көшбасшы болып саналатын компания Қазақстанда 1998 жылдан бері 500-ден аса жобаны жүзеге асырған.

    Ерболат Досаев Қазақстанның анағұрлым әртараптандырылған, экологиялық және технологиялық экономиканы қалыптастыруға арналған ауқымды экономикалық трансформацияны бастан кешіп жатқанын атап өтті. Осыған байланысты ел Honeywell өндірісін локализациялап, одан әрі кеңейтуге, технологияларды енгізуге мүдделі. Ол компанияның Қазақстанда Орталық Азия, Кавказ елдеріне, Әзербайжан және аймақтағы басқа да мемлекеттерге қызмет көрсете алатын аймақтық хабын құруды қарастыруды ұсынды.

    Қазақстандық тарап Honeywell-дің қатысуын кеңейте түсу үшін бірнеше әлеуетті бағытты белгіледі. Олар — Қазақстан кәсіпорындарында өнеркәсіптік қауіпсіздік пен мониторингтік мақсатта қолдану үшін Honeywell өнеркәсіптік қауіпсіздік және газ талдауын қадағалау жүйесін кеңейту, қалдықтарды азайту, энергия жинақтау жөніндегі ұлттық мақсаттарға қол жеткізу шеңберіндегі өнеркәсіп пен энергетика саласындағы жобалар.

    Кездесуге қатысушылар, сондай-ақ, еліміздің мұнай-газ нысандарындағы технологиялық үдерістерді басқару жүйесіне ЖИ-шешімдерін енгізу туралы компанияның ұсынысын талқылады. ЖИ-агенттерді енгізу өндірістің тиімділігін, қауіпсіздігі мен сенімділігін арттыруға, процестерді оңтайландыруға және шығынды азайтуға мүмкіндік береді.

    Подписывайтесь на каналы Profit.kz в Facebook и Telegram.