Следите за новостями

Цифра дня

23 тыс. девушек и женщин со всех регионов РК прошло обучение по IT-Aiel

    Қазақтелеком АҚ Woosong University Kazakhstan-мен ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойды

    Құжатқа «Қазақтелеком» АҚ Бас әкімшілік директоры Ержан Мейрамов және WOOSONG University Kazakhstan әкімшілік мәселелер жөніндегі деканы Джонг Ольг Хва қол қойды.

    1 сентября 2025 10:07, Profit.kz
    Рубрики: Qazaq IT

    «Қазақтелеком» АҚ және Woosong University Kazakhstan Білім беру бағдарламаларын дамытып, жас мамандарды қолдау және бірлескен зерттеу жобаларын енгізуге бағытталған ынтымақтастық туралы Меморандумға қол қойды. Университетпен әріптестік студенттерге «Қазақтелеком» АҚ-да дуальды оқыту мен тәжірибеден өтуге, компанияның озық цифрлық шешімдерімен танысып, ақпараттық технологиялар мен жасанды интеллект саласындағы жобаларға қатысуға мүмкіндік береді. Әлеуеті жоғары студенттер үшін одан әрі жұмысқа орналасу мүмкіндігі қарастырылған. Сондай-ақ, цифрлық технологиялар саласындағы білікті мамандарды даярлауға бағытталған бірлескен семинар, конференция мен білім беру бастамаларын өткізу жоспарланған.

    «Біз үшін Қазақстанның цифрлық экономикасын өрге итермелейтін болашақ мамандарды даярлауға инвестиция салу маңызды. Университетпен ынтымақтастық инновацияларды дамыту және жастардың кәсіби өсуі үшін берік база құра отырып, компанияның академиялық әлеуеті мен тәжірибесін біріктіруге мүмкіндік береді», — деп атап өтті Ержан Мейрамов.

    Подписывайтесь на каналы Profit.kz в Facebook и Telegram.