ЖИЦДМ, Павлодар облысы әкімдігі, «Самұрық-Энерго» ҰӘҚ мен «3D Global Limited» компаниясы арасында меморандумға қол қойылды
3D Global Limited компаниясы Қазақстанның цифрлық дамуына байланысты жобаларға табысының бір бөлігін қайта инвестициялауды жоспарлап отыр.
Қазақстан Республикасының Жасанды интеллект және цифрлық даму министрлігі, Павлодар облысының әкімі аппараты, «Самұрық-Энерго» АҚ және халықаралық «3D Global Limited» компаниясы ЖЭО-ны жаңғыртуға инвестициялар тартуға бағытталған және Қазақстанда жылу энергетикасын дамыту үшін «70/30 бағдарламасының» жаңа мүмкіндіктерін ашатын ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойды.
Инвестициялық жобаны іске асыру энергияны көп қажет ететін есептеулерді, оның ішінде жасанды интеллект пен цифрлық майнингті қолдау үшін деректер орталықтарын тұрақты энергиямен қамтамасыз етуге мүмкіндік береді. Бұл Қазақстан Республикасының жасанды интеллектті дамыту және энергияны көп қажет ететін есептеулер индустриясына инвестициялар тарту жөніндегі стратегиялық мақсаттарына сәйкес келеді.
Сонымен қатар, «3D Global Limited» компаниясы Қазақстанның цифрлық дамуына байланысты жобаларға табысының бір бөлігін қайта инвестициялауды жоспарлап отыр. Бұл бастама энергетикалық қауіпсіздікті нығайтуға, адами капиталды дамытуға және Қазақстан Республикасының цифрлық трансформациясын жеделдетуге бағытталған.