Следите за новостями

Цифра дня

397 тыс. казахстанцам направили SMS о возможности получения госуслуг в проактивном формате

    ҚР Жасанды интеллект және цифрлық даму министрлігі мен Қырғыз Республикасының Цифрлық даму министрлігі арасындағы меморандумға қол қою

    Құжат тәжірибе алмасуға, инновациялық шешімдерді енгізуге және екі елдің цифрлық экономикасын дамытуға бағытталған.

    3 октября 2025 12:15, Profit.kz
    Рубрики: Qazaq IT

    ҚР Жасанды интеллект және цифрлық даму министрлігі мен Қырғыз Республикасының Цифрлық даму министрлігі цифрлық технологияларды дамыту және екі ел арасындағы ІТ және жасанды интеллект саласындағы өзара әрекеттестікті нығайту бағытындағы маңызды қадам болып табылатын меморандумға қол қойды.

    Құжат тәжірибе алмасуға, инновациялық шешімдерді енгізуге және екі елдің цифрлық экономикасын дамытуға бағытталған. Ынтымақтастық цифрлық қызметтерді жақсартуға, технологиялық стартаптар саласындағы өзара интеграцияны күшейтуге және ІТ мен жасанды интеллект саласындағы тиімді және қауіпсіз шешімдер үшін инфрақұрылымды жақсартуға септігін тигізеді.

    Стратегиялық серіктестікті нығайту Орталық Азия елдерінде цифрлық технологияларды енгізуге жаңа мүмкіндіктер ашады.

    Подписывайтесь на каналы Profit.kz в Facebook и Telegram.