Следите за новостями

Цифра дня

19,2% — доля предприятий, внедряющих системы автоматизации, в 2024 г.

    Қазақтелеком мен 01.AI Қазақстанда жасанды интеллектті дамыту үшін күш біріктіреді

    Тараптар корпоративтік және мемлекеттік процестерде жасанды интеллект базасындағы шешімдерді қолдану мүмкіндіктерін бірлесіп зерттеуге, сондай-ақ ел аумағында озық ЖИ платформаларын оқшаулап, кеңейту жолдарын қарастыруға ниетті.

    2 октября 2025 10:06, Profit.kz
    Рубрики: Qazaq IT

    Google China компаниясының бұрынғы президенті, Microsoft және Apple компаниясының бұрынғы вице-президенті, 01.AI компаниясының негізін қалаушысы, әрі басшысы Кай-Фу Ли мен «Қазақтелеком» АҚ Басқарма Төрағасы Бағдат Мусин АІ-кеңесінің отырысы аясында Жасанды интеллект саласындағы ынтымақтастық туралы Меморандумға қол қойды.

    Еліміздің ірі телекоммуникациялық операторы «Қазақтелеком» АҚ және ЖИ-шешімдерді әзірлеудегі әлемдік көшбасшылардың бірі 01.AI қытай компаниясы Қазақстанда озық технологияларды енгізу мен ауқымды дамытуға бағытталған бірлескен жұмыс туралы уағдаласты.

    Тараптар корпоративтік және мемлекеттік процестерде жасанды интеллект базасындағы шешімдерді қолдану мүмкіндіктерін бірлесіп зерттеуге, сондай-ақ ел аумағында озық ЖИ платформаларын оқшаулап, кеңейту жолдарын қарастыруға ниетті.

    «Қазақтелекомның» 01.AI компаниясымен ынтымақтасуы ұлттық цифрлық экожүйені дамытып, жасанды интеллектті енгізудің жаһандық картасында Қазақстанның ұстанымын нығайтуда маңызды қадам болмақ.

    Подписывайтесь на каналы Profit.kz в Facebook и Telegram.