Следите за новостями

Цифра дня

17 тысяч обращений поступило в чат-бот @TazaQazBot

    Қазақстанның үш өңірінде электрондық кезекті алдын ала брондау пилоттық жобасы іске қосылады

    Жаңа жүйе азаматтарға өздеріне ыңғайлы күн мен уақытты алдын ала таңдап, кезекке жазылуға мүмкіндік береді.

    2 сентября 2025 11:05, Profit.kz
    Рубрики: Qazaq IT

    «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы электрондық кезекті алдын ала брондау жобасының іске қосылатынын хабарлайды. Жоба 2025 жылғы 2 қыркүйектен бастап Шығыс Қазақстан, Абай және Ақтөбе облыстарында жүзеге асырылады. Жоба Шығыс Қазақстан облысының Риддер қаласындағы, Абай облысының Бородулиха ауданы және Ақтөбе облысының Хромтау ауданы халыққа қызмет көрсету бөлімдерінде іске асырылады. Пилоттық кезең 2 қыркүйектен 30 қарашаға дейін, яғни үш айға созылады.

    Жаңа жүйе азаматтарға өздеріне ыңғайлы күн мен уақытты алдын ала таңдап, кезекке жазылуға мүмкіндік береді. Ол үшін «ЦОН» мобильді қосымшасын, электрондық үкімет порталын немесе 1414 бірыңғай байланыс орталығын пайдалануға болады. Осылайша, брондағаннан кейін SMS-хабарлама арқылы растау келеді.

    Сонымен қатар, дайын құжаттарды алу және өздігінен қызмет көрсету секторының қызметтері бұрынғыдай алдын ала жазылусыз көрсетіледі.

    «ЦОН» мобильді қосымшасына ЖСН және телефон нөмірі арқылы кіре аласыз (қосымша App Store мен Google Play-де қолжетімді).

    Жобаның мақсаты — жүйенің жұмысын бақылап көру және қажет болған жағдайда оны жетілдіру.

    Подписывайтесь на каналы Profit.kz в Facebook и Telegram.