Қазпошта JD.com-мен бірге әлемдік нарыққа жол ашады
2025 жылдың соңына дейін қазақстандық пайдаланушылар платформада қазақ және орыс тілдерінде сауда жасай алады.
Қазпошта әлемдегі ең ірі маркетплейстердің бірі — JD.com-мен бірлескен жобаны бастағанын хабарлайды. Жаңа сервис «Астана» халықаралық қаржы орталығында тіркелген Qazpost-JD Tech Co компаниясы арқылы жүзеге асырылады. Қазпошта үшін бұл оның цифрлық трансформациядағы көшбасшылығын және клиенттерге заманауи халықаралық сервистерге қол жеткізуге дайындығын растайтын стратегиялық қадам.
JD.com-мен серіктестік қазақстандықтардың әлемнің түкпір-түкпірінен келетін миллиондаған тауарға қол жеткізуін жеңілдетіп қана қоймай, отандық бизнес үшін жаңа мүмкіндіктер ашады. Осылайша JD.com-ның Қазақстанда іске қосылуы жаңа онлайн-дүкеннің пайда болуы ғана емес, трансшекаралық электрондық коммерцияны дамытудың маңызды кезеңі болмақ.