Цифрлық сауда – Қазақстанға инвестициялар тартудың жаңа серпіні
Отырыстың негізгі назарында Қазақстанды цифрлық сауданың өңірлік архитектурасына ықпалдастыру және ұлттық іс-қимыл жоспарын іске асырудың нақты қадамдарын айқындау болды.
Астанада «Қазақстанның цифрлық сауда саласындағы іс-қимыл жоспары» атты отырыс өтті. Іс-шараны БҰҰ-ның Азия және Тынық мұхиты үшін Экономикалық және әлеуметтік комиссиясы (ЭСКАТО) Қазақстан Республикасы Сауда және интеграция министрлігімен және «QazTrade» сауда саясатын дамыту орталығы» АҚ-мен бірлесіп ұйымдастырды.
Отырыстың негізгі назарында Қазақстанды цифрлық сауданың өңірлік архитектурасына ықпалдастыру және ұлттық іс-қимыл жоспарын іске асырудың нақты қадамдарын айқындау болды. Шараға мемлекеттік органдардың, сарапшылар қауымдастығының және бизнес өкілдерінің шамамен 40-қа жуығы қатысты.
Қазақстан Республикасы Сауда және интеграция вице-министрі Асет Нусупов, БҰҰ-ның Қазақстандағы тұрақты үйлестірушісі Сарангу Раднаарагчаа, ESCAP өкілі Витада Анукуонваттака және «QazTrade» сауда саясатын дамыту орталығы» АҚ басқарушы директоры Айнұр Әмірбекова отырысқа қатысты.
Дөңгелек үстел барысында Қазақстанның нормативтік-құқықтық базасына жасалған кешенді талдау негізінде әзірленген ESCAP-тың өңірлік цифрлық сауданы біріктіру жөніндегі бастамасының (RDTII) негізгі тұжырымдары ұсынылды. Талдау нәтижелері ұлттық іс-қимыл жоспарының негізіне айналып, оның мақсаты — ашықтықты арттыру, рәсімдерді жеңілдету және трансшекаралық өзара іс-қимылды дамыту болып табылады.
«Kazakh Invest» ҰК» АҚ Инвестициялар тарту және маркетинг департаментінің Азия елдерімен ынтымақтастық жөніндегі басшысы Әлия Әбділдина атап өтті: «Сауда процестерін цифрландыру іскерлік ортаны нығайтады: бюрократияны қысқартады, шығындарды азайтады және бизнес үшін болжамдылықты арттырады. Біз заманауи әрі ашық цифрлық сауда экожүйесі Қазақстанды біз жұмыс істейтін әрбір инвестор үшін одан да тартымды бағытқа айналдырады деп сенеміз. Цифрлық сауданың дамуы экономиканың негізгі салалары үшін қуатты драйвер болып, отандық компаниялардың жаһандық нарықтарға тиімді шығуын қамтамасыз етеді және инвесторларға трансшекаралық қызмет үшін тұрақты әрі болжамды жағдай ұсынады».
Талқылау барысында қабылданған келісімдер Қазақстанның халықаралық сауда жүйесіндегі позицияларын нығайтуға негіз болып, отандық бизнестің жаһандық жеткізілім тізбектеріне қатысуын кеңейтуге ықпал ететін болады.