ISSAI Қазақстанның жасанды интеллектінің жаңа буынын ұсынады
Nazarbayev University Ақылды Жүйелер мен Жасанды Интеллект Институты (ISSAI) қазақстандық мамандар толықтай әзірлеп, жасап, іске асырған жасанды интеллекттің жаңа технологиялар қатарын ұсынды.
Баспасөз брифингі барысында ұсынылған жүйелер Қазақстанның технологиялық дербестікке, мәдени ерекшелікті сақтауға және жасанды интеллект саласында тәуелсіз инфрақұрылым қалыптастыруға бағытталған маңызды қадамын білдіреді.
2024 жылдың желтоқсанында ірі тілдік модель — KazLLM таныстырылымынан кейін, ISSAI мәдени және тілдік әртүрлілікті ескеретін жасанды интеллект бағытында Қазақстанды көшбасшылар қатарына шығаратын бес бірдей серпінді өнімді назарға ұсынады.
«Бүгін ұсынылған барлық технологиялар — бұл деректерді жинаудан бастап инженерлік шешімдер мен енгізуге дейінгі барлық кезеңдерде жергілікті мамандардың еңбегінің нәтижесі, — деп атап өтті ISSAI Бас Директоры, доктор Хусейн Атакан Варол. — Бұл тек технологиялық жетістік қана емес, сонымен бірге мәдени маңызы бар жетістік. Қазақстан өз халқы үшін, өз тілінде және өз ережелерімен озық интеллектуалды жүйелерді жасай алатынын дәлелдеп отыр — бұл қазақстандық зерттеушілердің, инженерлер мен деректер саласындағы мамандардың талантының арқасында мүмкін болып отыр».
Ұсынылған технологиялар:
— Oylan 2.5 — Латын әліпбиін қолдайтын көптілді, мультимодальды жасанды интеллект көмекшісі.
— MangiSoz 2.0 — Сөйлеуді тану, дыбыстау және аудару жүйесі.
— TilSync — Нақты уақытта субтитр және аударма құралы.
— Beynele — Мәдени бейімделуі бар көптілді сурет генераторы.
— Mangitas 02 — Жасанды интеллектті жергілікті және қауіпсіз орналастыруға арналған сервер.
Бұл жетістік NU — Орталық Азиядағы жетекші зерттеу университеті — және Қазақстанның басқа да алдыңғы қатарлы білім және ғылыми мекемелері қалыптастырған интеллектуалдық әлеуеттің арқасында мүмкін болды.