Следите за новостями

Цифра дня

257,5 млрд цифровых тенге выпущено в Казахстане

    ҚТЖ логистикалық қызметтері eGov Business-те қолжетімді

    Бірыңғай цифрлық терезе сервисі eGov Business мобильдік қосымшасында қолжетімді болды.

    17 июля 2025 13:15, Profit.kz
    Рубрики: Qazaq IT

    Бұл функционал пайдаланушыларға «„ҚТЖ“ ҰК» АҚ-мен логистикалық қызметтер бойынша ыңғайлы әрі тиімді өзара әрекеттесу үшін жаңа мүмкіндіктер ұсынады.

    Сервистің басты мақсаты — логистикалық қызметтердің сапасын арттыру. Бірыңғай цифрлық терезе арқылы пайдаланушылар шарттарды басқару, өз операциялары бойынша аналитикалық деректерді алу, Call-орталыққа немесе әлеуметтік желілер арқылы сұрау жолдау сияқты түрлі цифрлық құралдарды пайдалана алады. Сонымен қатар, енді клиенттер қызметке өтінімді оңай рәсімдеп қана қоймай, жүктерінің мәртебесін нақты уақыт режимінде қадағалап, көрсетілген қызмет сапасына қатысты кері байланыс бере алады.

    Жаңа функционалдың іске қосылуы логистикалық үдерістердің тиімділігін арттыру жолындағы маңызды қадам болды. Бұл сервис «„ҚТЖ“ ҰК» АҚ көрсететін қызметтерді бірыңғай платформада біріктіріп, оларға жылдам әрі ыңғайлы қолжетімділікті қамтамасыз етеді.

    Жаңа қызмет ҚР Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер комитеті, «Ұлттық ақпараттық технологиялар» АҚ және «„ҚТЖ“ ҰК» АҚ бірлескен жұмысының нәтижесінде іске қосылды.

    Подписывайтесь на каналы Profit.kz в Facebook и Telegram.