Следите за новостями

Цифра дня

257,5 млрд цифровых тенге выпущено в Казахстане

    TikTok 2025 жылдың бірінші тоқсанында Қазақстанда 1,4 миллион бейнеоролик жойды

    Қысқа бейнероликтердің жетекші платформасы TikTok шығармашылыққа арналған жылы, шырайлы әрі жайлы ортаны қалыптастыруға ықпал ете отырып, Қазақстандағы жергілікті қоғамдастықтың қауіпсіздігін бірінші орынға қояды.

    16 июля 2025 15:30, Profit.kz
    Рубрики: Qazaq IT

    Қауіпсіздікті сақтау үшін TikTok ең инновациялық технологияларды, сондай-ақ қазақ тілінде сөйлейтіндерді қоса алғанда, бүкіл әлем бойынша он мыңдаған кәсіпқойларды тартады. Платформаның 24/7 пішіміндегі модерациясы Қауымдастық қағидаларын бұзатын бейнеконтентті жояды және TikTok-тың ашықтығын сақтау аясында тоқсан сайынғы есептердежойылған контенттің санын ашып көрсетеді.

    Қауымдастық қағидаларының сақталуын қамтамасыз ету туралы есепке сәйкес, 2025 жылдың бірінші тоқсанында Қазақстанда:

    Қауымдастық қағидаларының ережелері бұзылғаны үшін 1,4 миллионнан астам бейнеролик жойылды.

    — Жалпы роликтер санының 99%-ы платформамен проактивті түрде, яғни оларға шағым түспей тұрып жойылды.
    — Роликтердің 96%-ы жарияланғаннан кейін 24 сағат ішінде жойылды, бұл әлемдегі орташа көрсеткіштерден жоғары.

    Естеріңізге сала кетсек, өткен жылы Қазақстанда 6,5 миллионнан астам бейнеролик жойылды.

    Сонымен қатар, 2025 жылдың бірінші тоқсанында бүкіл әлем бойынша Қауымдастық қағидаларының бұзылуына байланысты:

    — 211 миллионнан астам бейнеролик жойылды.
    — Бейнеконтенттің 99%-ы проактивті түрде жойылды.
    — Роликтердің 94,3%-ы жарияланғаннан кейін 24 сағат ішінде жойылды.

    Осы уақыт аралығында жойылған контенттің жалпы көлемінің 87%-дан астамыавтоматты модерация технологиялары есебінен жойылды, бұл барлық уақыттағы ең жоғары көрсеткішке айналды.Бұдан басқа, TikTok модерация технологиялары Қауымдастық қағидаларын бұзатын тікелей эфир контентін одан әрі жылдамырақ анықтауға көмектесті: бірінші тоқсанда 19 миллион тікелей эфир тоқтатылды, бұл алдыңғы тоқсанмен салыстырғанда 50%-ға көбірек.

    Сонымен қатар TikTok платформасы пайдаланушылар арасында салауатты цифрлық әдеттерді қолдауға бағытталған медитациялық үзілістер функционалын іске қосты. Түнгі уақыттағы медитациялық үзілістер функциясы демалудың маңыздылығын еске салу үшін ойлап табылған және пайдаланушыларға ұйықтар алдында босаңсуға көмектесуге арналған. Жаңа функционал барлық пайдаланушыларда пайда болады, ал кәмелетке толмағандар үшін ол әдепкі бойынша қосылады. Енді, егер 18 жасқа толмаған пайдаланушы сағат 22:00–ден кейін TikTok-ты қолданса, оның ұсыныстар арнасында ұйқыға дайындалуға көмектесетін толық экранды медитациялық жаттығу пайда болады. Платформаны одан әрі пайдаланған жағдайда үзіліс жасауға екінші, неғұрлым табанды үндеу пайда болады. Ересектер үшін де бұл функция қол жетімді: оны экран уақытының параметрлерінде қолмен іске қосуға болады.

    Жаңа әзірлеме барлық жастағы адамдарда ұйқыны жақсарту үшін саналы медитацияның пайдасын растайтын ғылыми зерттеулерге негізделген. Бұл функцияны жасөспірімдер арасында сынау нәтижелері бойынша қатысушылардың 98%-ы оны қосулы күйде қалдырды.

    Подписывайтесь на каналы Profit.kz в Facebook и Telegram.